• ITSW
    • Фонд туралы
    • Құжаттар
    • FAQ
  • ITSS
    • Фонд туралы
    • Құжаттар
    • FAQ
  • АҚШ акциялары
  • Single Stock ETF
  • ITSD
  • Блог
    • ETF гиді
en|
ru|
kz
  • ITSW
  • ITSS
  • АҚШ акциялары
  • Single Stock ETF
  • ITSD
  • Блог
en|
ru|
kz
Басқарушы компаниясының сайтыITS туралы толығырақ
Copyright © International Trading System Limited веб-сайтында жарияланған ақпарат және аналитикалық материалдарға барлық құқықтар Астана халықаралық қаржы орталығының заңнамасына сәйкес қорғалған. International Trading System Limited веб-сайтында жарияланған ақпаратты немесе оның бір бөлігін көшіру, тарату және басқа да пайдалану тек International Trading System Limited-тің алдын ала жазбаша келісімімен ғана рұқсат етіледі.

Индекстiк ETF

ITS Shariah

Әлемдік көшбасшыларды шариғат бойынша іріктеу: әрбір істегі ізгілік

-

ITSS Бағасы —
бір акциясының 
нарықтық бағасы

11.8526

ITSS iNAV —
таза активтердің
нақты уақыттағы
индикативтік құны

11.828

ITSS NAV —
қордың таза
активтерінің бір акцияға
шаққандағы құны

 

 

ITS-тен ETF

 

Арқылы әлемдік нарыққа қол жеткізіңіз

 

 

Индекстiк ETF

ITS World

Әлемдік лидерлердің портфелі.

Инвестициялауды жеңілдетіңіз

12.7075

ITSW Бағасы —
бір акциясының 
нарықтық бағасы

12.6761

ITSW iNAV —
таза активтердің
нақты уақыттағы
индикативтік құны

12.6718

ITSW NAV —
қордың таза
активтерінің бір акцияға
шаққандағы құны

Индекстiк ETF

ITS Shariah

Әлемдік көшбасшыларды шариғат бойынша іріктеу: әрбір істегі ізгілік

-

ITSS Бағасы —
бір акциясының 
нарықтық бағасы

11.8526

ITSS iNAV —
таза активтердің
нақты уақыттағы
индикативтік құны

11.828

ITSS NAV —
қордың таза
активтерінің бір акцияға
шаққандағы құны

 

 

ITS-тен ETF

 

Арқылы әлемдік нарыққа қол жеткізіңіз

 

 

ITS

ITS — АХҚО юрисдикциясында жұмыс істейтін халықаралық сауда алаңы. Платформа инвесторларға жаһандық нарықтардың қолжетімді болуына мүмкіндік береді: мұнда 3200-ден астам құрал ұсынылған, оның ішінде АҚШ пен Қазақстан акциялары, сондай-ақ меншікті индекстерге арналған биржа қорлары (ETF) бар. ITS-тің бірегей өнімдерінің қатарында Google және NVIDIA сияқты әлемдік алыптардың акцияларын оңай сатып алу және Нью-Йоркте сауда-саттық уақыты басталғанға дейін әлемдік компаниялардың IPO-на қатысу мүмкіндігі бар. 2025 жылдың қорытындысы бойынша алаңдағы сауда көлемі $14 млрд-қа жетті, ал инвесторлар саны 1,2 млн адамнан асты.

БІЗДІҢ ETF-ТЕРДІҢ 2025 ЖЫЛҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ

ITS ETF

ITS биржалық қорлары – минималды шығындармен әлемдегі ең ірі компаниялардың акцияларына тиімді және қарапайым инвестиция жасау құралы.

 

Әлемдегі ең ірі және танымал инвесторлардың бірі - Уоррен Баффет, «әр инвесторға» өз акциялар портфеліне қарапайым ETF сатып алуға кеңес береді.

 

Бұл барлық жеке инвестицияларға қарағанда индекс қоры «болжамдарға сүйене отырып» ең жоғары кірісті әкелуі мүмкін болуымен байланысты.

 

Бұл төмен комиссиялармен және индекс қорларына инвестиция жасауға тән ерекшелік – әртараптандырумен байланысты.

ITSW
индексі

1 487.70

Басқару құны  

(TER)

0.2%

2025 жылға арналған ITSWиндексінің өзгеруі

+26.0%

ITSS
индексі

1 434.89

2025 жылға арналған ITSS индексінің өзгеруі

+24.0%

Басқару құны  

(TER)

0.5%

ӘЛЕМДІК ETF ИНДУСТРИЯСЫНДА АКТИВТЕРДІҢ ӨСУІ

        млрд долл.

 

 

ETF АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ 

ITS биржалық қорлары – әлемдегі ең ірі компаниялардың акцияларына тиімді инвестиция жасау құралы.

Валюта

ITS индексіне және құралдарына арналған ETF-тер АҚШ долларында ұсынылған, бұл инвестицияларды валюта бағамдарының ауытқуынан қорғайды және долларлық кірістілікті қамтамасыз етеді

Ұзақ мерзімді өсу

Әлемдегі ең ірі компаниялардың акцияларына арналған көптеген индекс ETF-тері сияқты, біздің ETF те ұзақ мерзімді перспективада жоғары өсу көрсеткіштерін көрсетеді. Мысалы, 2020 жылдан бері ITSW және ITSS индекстері өз құнын екі есе арттырды. Бұл ретте ETF бағасы мен олардың негізінде жатқан акциялардың бағасы арасында төмендеуі мүмкін екенін есте сақтау маңызды. Мысалы, 2022 жылы ITSW 23%-ға төмендеді, ал әлемге танымал NASDAQ100 шамамен 33%-ға түсті

Әртараптандыру

Әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген миллион инвестор ETF-ті тек бір қорды таңдап әртүрлі секторға, аймақтарға және активтерге оңай инвестиция салу мүмкіндігі үшін жоғары бағалады. ETF – бұл кәсіби жинақталған акциялар себеті, ол жеке бағалы қағаздарға инвестиция жасағаннан әлдеқайда аз тәуекелге ие

Төмен комиссиялар

ETF басқару құны дәстүрлі пай қорларына қарағанда әлдеқайда төмен. ETF-ті алатын болсақ ITS индексіне арналған құны жылына 0,2-0,5%-ды құрайды

Сауданың икемділігі

Біздің ETF-ті биржадан күніне 19 сағат бойы сатып алып, сатуға болады (Астана уақыты бойынша 09:00-ден 03:45-ке дейін). Бұл сізге ETF сатып алып, өзіңізге ыңғайлы уақытта сатуға мүмкіндік береді, және бұл жерде АҚШ немесе Азия биржаларының жұмыс уақытына тәуелді болмайсыз

Ашықтық

ETF инвестиция тартуда әлем бойынша триллион доллардан астам қаражатты жинайды, бұл көп жағдайда инвесторлар үшін олардың ашықтығының арқасында мүмкін болып жатады. ITS индексіне және құралдарына арналған ETF-тердің нақты құрамы мен ағымдағы нарықтық құны туралы ақпарат кез келген уақытта ашық және қолжетімді

Салықтық жеңілдіктер

ITS индексіне және құралдарына арналған ETF-тер Қазақстан Республикасында салықтан босатылған, себебі олар Астана халықаралық қаржы орталығының (AIX) биржасында листингтен өтті

Жоғары өтімділік

ITS-те өтімділік сауда сессиясы бойы сағат 09:00-ден келесі күні 03:45-ке дейін маркет-мейкерлермен қамтамасыз етіледі. Бұл инвесторға әрқашан тиімді бағамен ETF сатып алуға немесе сатуға мүмкіндік береді, ал сатып алу мен сатудың арасындағы айырмашылық әр уақытта минималды және шамалы пайызды құрайды

Дивидендтер

ETF дивидендтерді тікелей инвестиция салынған күнінен бастап жинақтайды, бұл қор құнының өсуі арқылы бірден көрініс табады, және жеке акциялармен салыстырғанда бұл үшін қосымша уақыт пен әрекет талап етілмейді

Кірудің жеңіл шарттары

 Біздің ETF-теріміздің бағасы бірнеше АҚШ долларымен белгіленеді, бұл оларды барлық инвесторлар үшін ыңғайлы және қолжетімді етеді.

ITS АЛАҢЫНДАҒЫ ӨЗІҢІЗДІҢ ETF-КЕ ИНВЕСТИЦИЯ САЛУ 

ITSW және ITSS-ті біздің серіктестеріміз – Paidax, Freedom Broker және N1BROKER компанияларына сатып ала аласыздар. Брокерлеріңізге хабарласып, қашан оның да ITS-ке қосылатынын біліңіздер.

ITS ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

08.01.2026
2025 жыл қорытындысы: сауда көлемі $14 млрд-қа жетті – 70 есе өсім, 18 брокер, 1,2 млн инвестор
18.07.2025
ITS халықаралық сауда алаңының алаяқтық жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты ресми хабарламасы
03.04.2026
ITS сауда уақытын ұзартуда: сессияның басталуы бір сағат ерте басталады
02.04.2026
Наурыз айында ITS сауда-саттық көлемі рекордтық $2,1 млрд көрсеткішіне жетті
20.03.2026
ITS Директорлар кеңесі Құрмет Оразаевты жаңа бас атарушы директор (CEO) етіп тағайындады

Барлық жаңалықтар

ITS-ТЕН ETF ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 

30.03.2026
Үрейлі көңіл-күй күшейіп барады
16.03.2026
Үмітсіз шайтан ғана
02.03.2026
Геосаясат бағытты айқындайды
16.02.2026
Жасанды интеллект қызметі жаңылды
09.02.2026
Шынайы құндылықтар ЖИ хайпына қарсы

Барлық жаңалықтар

МЕДИА 

03.04.2026
Naryk.kz: ITS биржасы сауда уақытын ұзартады
02.04.2026
Naryk.kz: Наурызда ITS биржасындағы сауда 2 млрд доллардан асты
26.03.2026
NAZARMEDIA: ITS Директорлар кеңесі Құрмет Оразаевты жаңа бас атарушы директор (CEO) етіп тағайындады
26.03.2026
Naryk.kz: Құрмет Оразаев ITS директорлар кеңесінің бас атарушы директоры болып тағайындалды
16.01.2026
Naryk.kz: Орталық Азиядағы алғашқы халал қор: ITSS-тің шариғат кеңесшісімен сұхбат

Барлық жаңалықтар

Тәуекелдер туралы маңызды ескерту

Жалпы, ETF құны индекстің қозғалысына сәйкес өсуі де, төмендеуі де мүмкін. ETF акциялары әдетте ұйымдастырылған биржалық нарықта брокер арқылы сатып алынады және сатылады. Бірақ оларды жекелей Басқарушы компанияға сатуға немесе сәйкес акцияға айырбастауға ұсыну мүмкін емес. Осы мәселеге қатысты Fund Constitution және Offering Materials құжаттарымен танысып шығыңыз.

ETF қорындағы акциялардың құны тиісті эмитенттердің қызметіне байланысты және жалпы нарықтық немесе экономикалық жағдайлардың өзгеруі салдарынан құбылып, айтарлықтай төмендеуі мүмкін.

Пассивті басқарылатын қор ретінде ETF активтерді Index индексіне сәйкес инвестициялайды және ондағы құнды қағаздардың құрамын, тәуекел факторларын және басқа да сипаттамаларын мүмкіндігінше дәл қайталауға тырысады. Алайда, кез келген пассивті басқарылатын индекстік қор уақытша себептерге, портфельдегі бағалы қағаздардың мәндерін дөңгелектеу және басқа да факторларға байланысты математикалық модельдегі индекстен сәл өзгеше болады. Бұл айырмашылықтар қор басқарушылары азайтуға тырысатын, бірақ толығымен жоққа шығаруға болмайтын бақылау қатесі деп аталады.

ETF-тегі акциялар әлемдік нарықта жоғары өтімді бағалы қағаздар болып табылғанымен, нарықтық жағдайлар күрт нашарлаған кезде олар индекс бойынша есептелген модельдік құндылықтармен салыстырғанда елеулі спрэдтермен және дисконнттармен сатылуы мүмкін.

Бұл бақылау қателігіне, акцияға шаққандағы таза активтердің құнына (NAV) және ETF акцияларының нарықтық құнына әсер етуі мүмкін.

ETF акциялары басқа акциялар сияқты саудаланады және олардың маңызды сипаттамаларына, соның ішінде инвестициялық тәуекелге және нарықтық құнының ауытқуына ие. Сондықтан олар бір акцияға шаққандағы таза активтер құнынан (NAV) жоғары немесе төмен бағамен саудалануы мүмкін. TER мәніне брокерлік комиссиялар кірмейді, және бұл да қаржылық нәтижелерді төмендетуі мүмкін.

Инвестициялық шешім қабылдамас бұрын, ITSW ETF қорының инвестициялық мақсаттарымен, бағалы қағаздар құрамымен, тәуекелдермен, Басқарушы компания мен брокердің (биржа немесе MTF) комиссия деңгейімен танысып шығыңыз. Басқарушы компанияның сайтында жарияланған offering materials-пен және қордың басқа да құжаттарын мұқият оқып шығыңыз.

ETF-ке салынған инвестициялар жалпы экономикалық жағдайлардың, нарықтық ауытқулардың және бағалы қағаздар нарықтарындағы инвестицияларға объективті түрде ілесетін тәуекелдердің ықпалына ұшырауы мүмкін. Инвестициялық құралдардың бағасы көптеген факторлардың, соның ішінде экономикалық өсім немесе рецессия, пайыздық мөлшерлемелер мен валюталық бағамдардың өзгеруі, эмитенттердің кредиттік сапасының объективті немесе нарық қатысушыларының қабылдауындағы өзгерістер, жалпы нарықтық өтімділік, геосаяси оқиғалар және басқа да себептердің әсерінен айтарлықтай өзгеруі мүмкін.

Сонымен қатар, жергілікті, өңірлік және жаһандық оқиғалар, мысалы, соғыстар, терактілер, пандемиялар және т.б., ETF қоры мен онымен байланысты инвестицияларға айтарлықтай әсер етуі мүмкін.