Индекстік ETF
ITS Shariah
Әлемдік көшбасшыларды шариғат бойынша іріктеу: әрбір істегі ізгілік
ITSS Бағасы —
ITSS бір акциясының
нарықтық бағасы
ITSS iNAV —
таза активтердің
нақты уақыттағы
индикативтік құны
ITSS NAV —
қордың таза
активтерінің бір акцияға
шаққандағы құны
ITSS ETF
ITS Shariah ETF (ITSS ETF) – Орталық Азия мен Закавказьедегі алғашқы шариғат талаптарына сай индекстік ETF.
Бұл – мұсылман инвесторлар үшін Исламның қатаң нормаларына сәйкес қызмет ететін әлемдегі ірі компанияларға инвестиция жасаудың бірегей мүмкіндігі.
Исламдық қаржыландыру мен инвестициялар жаһандық деңгейде барған сайын танымал болып келеді. ITS осы қарқынды дамып келе жатқан нарық сегментіне қатысу мүмкіндігін ұсынады.
ITSS ETF – жеке құндылықтардан бас тартпай, әртараптандырылған портфель құруды қалайтын инвесторлар үшін бірінші таңдау.
ITSS индексі
Басқару құны (TER)
0.5%
2025 жылға арналған ITSS өзгерісі
+24%
Табыстылық калькуляторы
ITSS ETF-пен инвестицияларыңыздың қалай өсуі мүмкін екенін біліңіз.
Табыстылық калькуляторын қолдану арқылы сіз екі жыл бұрын ITSS ETF-ке инвестиция салған болсаңыз, портфеліңіздің мүмкін болатын құнын, кірістер мен шығындарыңызды бағалаңыз.
ҚОР ТУРАЛЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
ITSS ETF БАҒАСЫ
30.03.2026 | Үрейлі көңіл-күй күшейіп барады |
16.03.2026 | Үмітсіз шайтан ғана |
02.03.2026 | Геосаясат бағытты айқындайды |
16.02.2026 | Жасанды интеллект қызметі жаңылды |
09.02.2026 | Шынайы құндылықтар ЖИ хайпына қарсы |
03.02.2026 | Жалтырағанның бәрі алтын емес |
19.01.2026 | Трамптың жаңа тарифтік «гренландиялық» соғысы |
12.01.2026 | Жаңа жылдың жаңа рекордтары |
15.12.2025 | Ақша орнын ауыстырса да, дүрбелеңге салынбайды |
08.12.2025 | Нарыққа қатысушылар үмітін үзбейді |
ITSS қорының АҚШ долларымен номиналданған ETF акцияларының баға белгіленім графигі таңдалған уақыт кезеңіндегі олардың динамикасы мен бағасын көрсетеді.
Графиктің түрін теңшеу үшін әртүрлі уақыт кезеңдері (бір минуттан бір күнге дейін) және деректерді көрсету тәсілдері: сызық, аймақ, жапон майшамы және барлар қолжетімді.
Графикті теңшеу әртүрлі уақыт мезетіндегі акциялар бағасының әрекетін жақсырақ түсінуге және негізделген инвестициялық шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
ITSS ETF ШАРИҒАТ ҚАҒИДАЛАРЫНА ТОЛЫҚ СӘЙКЕС КЕЛЕДІ
1 қағида: Riba-ға тыйым салу
Қор пайыздық кіріс алуға байланысты операцияларды жүргізбейді
2 қағида: Gharar-дан аулақ болу
Қор өз операциялары мен шарттық қатынастарында белгісіздік пен екіұштылықты болдырмайды
3 қағида: Maysir-ге тыйым салу
Қор құмар ойындарға байланысты әрекеттерден және әділетсіз баюға әкелетін алыпсатарлық қызметтен аулақ болады
4 қағида: Халал инвестициялар
Қор инвестицияларды Ислам құқығы бойынша рұқсат етілген секторлар мен кәсіпорындарға салады
5 қағида: Әлеуметтік жауапкершілік
Қор әлеуметтік әл-ауқатты жақсартатын және жеке адамдар мен қоғамға зиян келтірмейтін этикалық тәжірибелерді ұстанады
6 қағида: Ашықтық пен адалдық
Қор шарттық қатынастардың ашықтығын қамтамасыз етіп, өз қызметіне қатысатын барлық компаниялар мен тұлғаларға тең көзқарасты ұстанады
ITSS ETF АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
SHARIAH-COMPLIANT
Компаниялар мен активтерге инвестиция салу шариғат қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (арнайы шариғаттық скрининг пен бақылау)
ТЕҢГЕРІМДІ
Салалар мен аймақтар бойынша әртараптандырылған. Әлемнің ең ірі 30 компаниясынан құралған қоржын
ТӨМЕН ТӘУЕКЕЛДІ
ITSS индекс бойынша әрекет етеді, оның табыстылығы басқарушының шеберлігіне тәуелді емес
ӨТІМДІЛІК
09:00-ден 03:45-ке дейін бүкіл сауда сессиясында ITS өтімділікті қамтамасыз ету жүйесі
ҚОЛЖЕТІМДІ
ITSS бағасы $10, ал бір лот – 1 акция
ТИІМДІ
Инвесторларға арналған салықтық жеңілдіктер, қазақстандық жергілікті құнды қағаз
ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ІРІ 30 КОМПАНИЯСЫ
Капиталдандыру бойынша әлемдегі ең ірі 30 компанияны қамтиды және олардың қызметі Исламның Шариғат нормаларына сәйкес келеді
ITS ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
08.01.2026 | 2025 жыл қорытындысы: сауда көлемі $14 млрд-қа жетті – 70 есе өсім, 18 брокер, 1,2 млн инвестор |
15.01.2026 | ITS Shariah ETF: сауда-саттықтың бірінші жылындағы табыстылық 25,5% – әлемдік деңгейдегі исламдық инвестициялар Орталық Азияда қарқынды дамып келеді |
МЕДИА
16.01.2026 | Naryk.kz: Орталық Азиядағы алғашқы халал қор: ITSS-тің шариғат кеңесшісімен сұхбат |
15.01.2026 | Naryk.kz: Халал инвестиция 2025 жылы 25,5% табыс әкелді |
15.01.2026 | Informburo.kz: Қазақстан Исламдық қаржының даму индексі бойынша әлемде 19-орынды иеленді |
24.09.2025 | Naryk.kz: ITS Shariah ETF-тің дивидендтік кірісінің бір бөлігін Зекет қорына аударды |
10.09.2025 | Naryk.kz: ITS Shariah индексі төрт жаңа қағазбен толықты |
23.07.2025 | Naryk.kz: ITS биржасындағы ETF қорлары жарты жылда 10,8% өсті |
14.01.2025 | Morningstar: ITS-те Орталық Азия мен Закавказьенің алғашқы шариғаттық индекстік фонды ITS Shariah саудасы басталды |
Тәуекелдер туралы маңызды ескерту
Жалпы, ETF құны индекстің қозғалысына байланысты артуы немесе азаюы мүмкін. ETF акциялары, әдетте, брокер арқылы ұйымдастырылған биржалық нарықта саудаланады, оларды Басқарушы компанияға жеке сатуға немесе сәйкес акциялар пакетімен айырбастауға ұсыну мүмкін емес. Бұл мәселелер бойынша Fund Constitution және Offering materials құжаттарымен танысыңыз.
ITSS ETF қорындағы акциялардың құны эмитенттердің қызметіне, сондай-ақ жалпы нарықтық немесе экономикалық жағдайлардың өзгеруіне байланысты елеулі ауытқуларға және төмендеуге ұшырауы мүмкін.
Пассивті басқарылатын қор ретінде ITSS ETF өз активтерін ITS Shariah Index индексіне сәйкес инвестициялайды. Индекстің бағалы қағаздар құрамы, тәуекел факторлары және басқа да сипаттамалары тұрғысынан оның құрылымын мүмкіндігінше дәл қайталауға тырысады.
Алайда кез келген пассивті басқарылатын индекс қоры уақытша себептерге, портфельдегі бағалы қағаздар санының дөңгелектену қажеттілігіне және басқа да факторларға байланысты индекстен шағын айырмашылықтары болуы мүмкін. Бұл айырмашылықтар қателік (ошибки следования) деп аталады. Қордың басқарушылары бұл қателіктерді барынша азайтуға тырысады, бірақ оларды толығымен жою мүмкін емес.
ITSS ETF қорындағы акциялар әлемдік нарықта жоғары өтімді бағалы қағаздар болып саналса да, нарық жағдайларының күрт нашарлауы кезінде олар индекске құрамындағы моделді мәннен едәуір төмен спредтермен және дисконттармен сатылуы мүмкін. Бұл құбылыс қателікке, акциялардың таза актив құнына (NAV) және ETF акцияларының нарықтық құнына әсер етуі мүмкін.
ETF акциялары басқа акциялар сияқты сатылады және олардың маңызды ерекшеліктеріне ие, соның ішінде инвестициялық тәуекелдер мен нарықтық құнның ауытқуы. Осыған байланысты олар акциялардың таза актив құнына (NAV) қарағанда жоғары немесе төмен бағамен сатылуы мүмкін. Брокерлік комиссиялар TER мәніне кірмейді және инвестицияның қаржылық нәтижелерін төмендетуі мүмкін.
Инвестициялық шешім қабылдаудан бұрын:
ITSS ETF инвестициялық мақсаттарымен, бағалы қағаздардың құрамымен, тәуекелдермен, Басқарушы компания мен брокердің (биржа немесе MTF) комиссия деңгейімен танысып шығыңыз. Басқарушы компанияның сайтында ұсынылған offering materials және қордың басқа құжаттарын мұқият оқып шығыңыз.
ITSS ETF-ке инвестиция жасағанда:
бұл инвестициялар жалпы экономикалық жағдайлардан, нарықтық құбылулардан және бағалы қағаздар нарығындағы инвестицияларға объективті түрде байланысты тәуекелдерден әсер алуы мүмкін. Инвестициялық құралдардың бағасы көптеген факторлардың, соның ішінде экономикалық өсу немесе құлдырау, пайыздық мөлшерлемелер мен валюта бағамдарының өзгеруі, эмитенттердің кредиттік сапасының объективті немесе нарық қатысушыларының көзқарасы бойынша өзгеруі, жалпы нарықтық өтімділік, геосаяси оқиғалар және басқа да факторлардың әсерінен айтарлықтай өзгеруі мүмкін.
Жергілікті, өңірлік және жаһандық оқиғалар, мысалы, соғыстар, террорлық актілер, пандемиялар және т.б., ITSS ETF қорына және онымен байланысты инвестицияларға елеулі әсер етуі мүмкін.