2025 жыл қорытындысы: сауда көлемі $14 млрд-қа жетті – 70 есе өсім, 18 брокер, 1,2 млн инвестор
ITS халықаралық сауда алаңы 2025 жылды рекордтық нәтижелермен аяқтады: құнды қағаздар нарығында жиынтық сауда көлемі $14 млрд-тан асты, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 70 есе көп.
ITS алаңында сауда жасауға қол жеткізген инвесторлар саны 1,2 миллион адамнан асты. Наурыз айынан бастап орташа айлық айналым тұрақты түрде $1 млрд-тан жоғары болды, ал рекорд қазан айында тіркелді – $1,8 млрд-тан астам. Орташа күндік сауда көлемі $80 млн деңгейіне жақындады, ал ITS CSD сақтауда тұрған клиенттердің активтері көлемі $4 млрд-тан асты, ал инвесторларға қолжетімді құралдар саны 3200-ден асты.
«ITS жұмыс істеген екі жарым жыл ішінде біз инвесторлар үшін ойын ережелерін қайта жазып, қаржылық өнімдердің бірегей экожүйесін құрдық. Бүгінде ITS алаңында Google, NVIDIA сияқты әлемдік алыптардың акцияларын құнының 1%-ына (Single Stock ETF) оңай сатып алуға, Нью-Йорктегі сауда басталғанға дейін IPO-мен сауда жасауға және біздің бірегей индекстеріміз бойынша S&P 500-ге қарағанда жоғары табыстылық алуға болады», – деп атап өтті ITS бас директоры Шыңғыс Қанапиянов.
«2026 жылы біздің назарымыз ауқымдандыру мен инновацияларға бағытталады. Біз басқа елдерден жаңа қатысушылар мен брокерлер қосуды жалғастырамыз. Сондай-ақ инвесторларға өңірде бүгінде ешкім ұсынбайтын құралдарға қолжетімділік беру үшін құралдар желісін әрі қарай кеңейтеміз», – деп қосты Шыңғыс Қанапиянов.
2025 жылы сауда көлемдерінің өсуі ITS-тің АХҚО шеңберінде сауда жүйесін, орталық контрагенті бар клирингті және орталық депозитарийді қамтитын кешенді қаржылық инфрақұрылым құру стратегиясын іске асыруының нәтижесі болды. АХҚО қолдауының арқасында алаң ағылшын құқығы аясында жұмыс істейді, бұл халықаралық қатысушыларды тартуға және әлемнің жетекші қаржы институттарымен серіктестік орнатуға мүмкіндік береді.
Оқиғалар былай өрбіді:
Қаңтар–ақпан: сауда көлемінің өсуі және жаңа ETF -тің іске қосылуы
- ITS Shariah (ITSS) жеке индексіне негізделген ETF саудасы іске қосылды – бұл Орталық Азиядағы исламдық қаржы қағидаттарына сәйкес келетін алғашқы биржалық қор.
- ITSS қорының акциялары сауданың алғашқы айының қорытындысы бойынша 4,2% өсті, бұл исламдық қаржы құралдарына инвесторлардың жоғары қызығушылығын көрсетті.
- 2025 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша ITS алаңында бағалы қағаздармен сауда көлемі рекордтық $670 млн-ға жетті.
Наурыз: сауда көлемінің өсуі
- Айлық сауда көлемі алғаш рет психологиялық $1 млрд межеден асты.
- Орталық контрагентпен РЕПО мәмілелері іске қосылды (USD, KZT, US Treasuries, жергілікті облигациялар және Қазақстан экономикасының жетекші компанияларының акциялары). РЕПО-ның орташа күндік көлемі 41 млрд теңгені құрайды.
Сәуір: халықаралық байланыстарды нығайту
- ITS әлемнің жетекші қаржы институттарын біріктіретін Халықаралық капитал нарықтары қауымдастығына (ICMA) қосылып, ұйымның толыққанды мүшесі атанды.
Мамыр: стратегиялық серіктестіктер
- Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы жанындағы Зекет қорымен меморандумға қол қойылды.
- QazPost және Банк ЦентрКредит сауда қатысушылары мәртебесін алды.
- ITS Комплаенс және іскерлік этика қауымдастығына кірді.
Маусым: бірегей мүмкіндіктер
- Сауда көлемі $1,4 млрд-қа жетті.
- Еуропалық инвестициялық Roemer Capital компаниясы сауда қатысушысы мәртебесін алды.
- Премаркеттегі сауда іске қосылды – АҚШ-та сауда басталғанға дейін IPO акцияларын сатып алу мүмкіндігі.
Тамыз–шілде: құралдар желісін кеңейту
- 55-тен астам жаңа акция мен ETF қосылды. Қолжетімді құралдардың жалпы саны 3200-ден асты.
Қыркүйек: ITS Ideas конференциясы және әлеуметтік жауапкершілік
- Astana Finance Days аясында екінші жыл сайынғы ITS Ideas конференциясы өтті.
- Конференция барысында журналистер, блогерлер және нарық қатысушылары арасында пікір алмасуға арналған ашық алаң ретінде ITS Connect кәсіби қауымдастығын іске қосу идеясы пайда болды.
- ITS алаңы ITS Shariah ETF дивидендтік кірісінің бір бөлігін Zakiyat қоры арқылы қайырымдылыққа бағыттады.
- Қымбат акцияларды олардың құнының небәрі 1%-ына сатып алуға мүмкіндік беретін алғашқы дивидендсіз Single Stock ETF іске қосылды.
Рекордтық қазан
- Сауда көлемі бойынша рекорд – $1,8 млрд.
- N1Broker сауда қатысушысы мәртебесін алды.
- ITS World ETF (ITSW) табыстылығы 30% межеден асып, SPY-ді (S&P 500 индексіне арналған ETF) шамамен екі есе артта қалдырды.
Қараша: жаңа өнімдер мен серіктестер
- ITS Dollar Liquidity (ITSD) іске қосылды – банктік депозиттерден жоғары тәуекелсіз USD-табыстылық.
- Алғашқы дивидендтік Single Stock ETF іске қосылды.
- DeltaStock еуропалық брокері мен қазақстандық «Еуразиялық Капитал» сауда қатысушылары мәртебесін алды.
Желтоқсан және жыл қорытындылары
- 2025 жылғы құнды қағаздар нарығындағы жиынтық сауда көлемі: $14+ млрд.
- 6 елден (Қазақстан, Армения, Болгария, Кипр, Оман, ОАР) 18 сауда қатысушысы.
- Жыл қорытындысы бойынша ITS World индексінің өсімі: +25,6%.
- Жыл қорытындысы бойынша ITS Shariah индексінің өсімі: +23,6%.
- Салыстырсақ: 2025 жылы S&P 500 индексі 16,4% өсті.
ITS туралы ақпарат
ITS – халықаралық өтімділік хабы. ITS бизнес моделінің негізінде жатқан best execution қағидасы мен smart order routing өтімділікті қамтамасыз ету технологиясы инвесторларға жаһандық қаржы нарығындағы ең жақсы бағамен және кез келген көлемде бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға мүмкіндік береді. Осы технологияның арқасында ITS алаңындағы шетелдік бағалы қағаздар бойынша өтімділік осы бағалы қағаздар саудаланатын жетекші халықаралық алаңдардағымен бірдей.
ITS алаңының тікелей клиенттері Қазақстан мен басқа елдердің бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылары – АХҚО-да аккредиттелген, сол сияқты тікелей тіркелген қаржылық делдалдар болып табылады. Инвесторлар – жеке және заңды тұлғалар сауда-саттыққа қаржы делдалдары – брокерлер мен банктер арқылы шығады.
ITS баспасөз қызметі