Америка ұйқыда жатқанда,
ITS биржажаңалықтарын пайдалан
На ITS вы можете приобрести акции крупнейших глобальных компаний - лидеров рынка в своем сегменте. Диверсифицируйте ваш портфель по отраслям: купите акции бигтехов, гигантов потребительского сектора и автомобильной промышленности.
GMT 0 — GMT +7
2,4 — 2,6 миллиард адам
Біріншіден, бұл сізге дәстүрлі нарықтар ашылғанға дейін жаһандық жаңалықтарға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Егер АҚШ, Еуропа немесе Азияда маңызды жаңалық шықса, сіз таңды күтпей-ақ, оын бірден саудада пайдалана аласыз.
Екіншіден, Астана уақыты бойынша таңертең ITS платформасында амеикалық жабылу аукционының және пост-маркеттегі қалыптасқан бағаларын көре аласыз. Демек, Америка әлі ұйқыда жатқанда, сізде дәл осы жабылу бағасы бойынша мәміле жасауға бірегей мүмкіндік бар. Бұл әсіресе елде, әлемде немесе эмитентте елеулі жағдай орын алған кезде маңызды.
Үшіншіден, әлемдік нарықтағы қозғалысты таңғы сағаттарда азиялық биржалар мен еуропалық сауда алаңдарынан (мысалы, Tradegate, Xetra, Frankfurt Stock Exchange және т.б.) бақылауға болады.
Егер сіз нарықтық деректерді талдағанды жақсы көрсеңіз, жылдам мәміле мүмкіндіктерін іздесеңіз, 18 сағаттық кеңейтілген сауда сессиясы – сізге арналған тамаша шешім! Бұл – Қазақстан үшін мүлде жаңа қаржылық деңгей.
10-Q ТОҚСАНДЫҚ ЕСЕПТІЛІК – қаржылық тоқсан аяқталғаннан кейін 45 күннен кешіктірілмей жарияланады.
10-K қаржылық жыл қорытындысы бойынша есептілік – қаржылық жыл аяқталғаннан кейін 90 күн ішінде жарияланады.
Белгілі бір көрсеткіштің жай ғана өсуі немесе төмендеуі емес, сол көрсеткіштің сарапшылар күткен мәнімен салыстырылуы және болашаққа қатысты болжамдар маңызды
ITS Central Securities Depository Limited компаниясы АҚШ салық қызметінен Салықты ұстау құқығы бар білікті делдал (Qualified Intermediary with primary withholding responsibility, WQI) мәртебесін алды.
АҚШ-тың салық қызметі «АҚШ компанияларынан шетел азаматтарына төленетін табыстардан міндетті түрде салық ұстау» қағидасын қатаң ұстанады. Және әдетте мұндай табыстардан 30% мөлшерінде салық ұстайды. Алайда егер брокер/депозитарий QI мәртебесіне ие болса, ол АҚШ Қаржы министрлігінен инвестордың нақты жағдайын (шығындарын, келісімшарттарын және т.б.) ескере отырып, салықты өз бетінше есептеп, ұстап қалып, Қаржы министрлігіне аудару құқығын алады. QI мәртебесіне барлық компания ие бола бермейді.
Салықтық жеңілдікті тегін алуға болады. Ол үшін ITS серіктесі болып табылатын брокеріңізден W-8BEN формасын сұратып, оны толтыру қажет. W-8 формасы – АҚШ компанияларының құнды қағаздары бойынша дивиденд немесе купон түріндегі табыс алуды жоспарлайтын жеке тұлғаларға арналған. W-8BEN-E формасы заңды тұлғалар үшін қолданылады.