2025 жылғы 18 ақпандағы сауда-саттықтың қорытындысы

Дүйсенбіде Президенттер күнін мерекелеуге байланысты 3 күнге жалғасқан ұзақ демалыстан кейін өздерін жауынгерше сезінген нарыққа қатысушылар акциялардың баға белгіленімін жаңадан шарықтатуға дайын болғандай көрінді. Қалай десек те, сейсенбінің бірінші жартысының қорытындысына қарағанда, негізгі американдық индекстерге қатысты фьючерстерде осындай үрдіс байқалды. Алайда АҚШ-тағы негізгі сауда-саттық сессиясы басталатын кезде нарыққа қатысушылардың жауынгерлік рухы өздігінен жойылып, сессияны кішігірім плюспен ашуға ғана шамалары жетті. Содан кейін индекс атаулы жапырылыса құлдырап, сауда-саттықтың жарты сағатында нөлден төмендеді. Жоқ, бұл құлау немесе тіпті сатылым да емес, индекстердің жай ғана техникалық сырғып түсуі болды. Техникалық тұрғыдан бұл әбден түсінікті нәрсе, өйткені жұма күні S&P500 кең ауқымды нарық индексі өзінің қарсылық бағытына «тіреліп қалған» болатын, сондықтан ағымдағы деңгейлер ең болмағанда қандай да бір жолмен тоқтауы және саудалануы керек еді. Кешегі сауда-саттық барысындағы жағдай осының көрінісі еді. Мұны ең төмен құбылмалылық және нөл белгісінің «ырғағымен дөңгелене билеу» десек болады. Күн аяқталуға жақындағанда ғана нарықтың «бұқалары» біртіндеп тізгінді өз қолына алып, индекстерді жоғары сүйрелей бастады. Мәреге жақындаған соң қарқынын арттырған индекстер кішігірім плюсқа шықты, ал S&P500 индексі тіпті өзінің тарихи максимумын қайта жазып бәрінің төбесін көкке жеткізді.

ITS тобының индекстері американдық әріптестерінің жолын ұстады. Әсіресе, күн сайын өзінің тарихи максимумын қайта жазып жатқан және кеше 7-ші рет қатарынан абсолютті хай деңгейін және нарық жабылатын кездегі максимумын жаңартқан ITS World (ITSW) жаһандық нарық индексінің өсімі ерекше қуантады. Әрине, кеше сауда-саттық біршама қызықсыз өткен жағдайда бұл өсім мардымсыз болды (+0,1%), бірақ 7 күн қатарынан өзінің ATH (all time high) көрсеткішін қайта жазған индекстердің шамалы екені ақиқат.

ITS Shariah (ITSS) исламдық бағалы қағаздар индексі де бұл процестен шет қалмады – әзірше ол өзінің ең жоғары көрсеткіштерін қайта жазбаса да, бір күнде +0,23% қосып ITSW деңгейінен сәл көбірек өсті.

Сейсенбінің басты интригасы Intel компаниясының (INTC,+16,06%) төңірегіндегі оқиғалар болды.

Intel (INTC) компаниясының ұзақ уақыт қиын жағдайға душар болып отырғаны және соңғы уақытта дағдарыстан шығу жолын табуға және оның үстіне өзінің акционерлік құнын арттыруға еселеп күш-жігер салып жатқаны жасырын емес.

Дегенмен, әзірше Intel компаниясының жолы болмай отыр. Соңғы кезде компания банкроттық жариялауы мүмкін (оның 2024 жылдағы операциялық залалы 76%!) немесе ең болмағанда компания екі бизнеске – чип әзірлеу бизнесіне және чип өндіруге байланысты бизнеске (құю өндірісі деп аталады) бөлінуі мүмкін деген қауесет хабар тарады. Сөйтіп, демалыс күндері INTEL компаниясының екі бәсекелесі – Taiwan Semiconductor (TSM) және Broadcom (AVGO) компаниялары тіпті өлтірілмеген аюдың терісіне таласты бастап та жіберген сияқты. Біріншісі барлық INTEL зауыттарын өзінің басқаруына алуға дәмеленсе, екіншісі чип әзірлеу бизнесін сатып алуға дайын. Осындай расталмаған өсек-аяң таралған жағдайда Intel акцияларының шарықтағаны соншалық, кеше 16%-дан астам қымбаттады. Осы орайда олардың ізінше бүкіл чипмейкерлер секторы, сондай-ақ жартылай өткізгіштер өнеркәсібіне жабдық жеткізетін компаниялардың акциялары да өсіп кетті.

Кеше бұл хайпқа осы сегменттің тағы бір жарқын өкілі – Micron Technology компаниясы (MU,+7,31%) да қосылды, сейсенбі күні оның акцияларына да инвесторлардың сұранысы артты, бұған компанияның NVidia (NVDA,+0,40%) мердігері болатыны және NVDA мен MU компанияларымен қатар, SK hynix және Samsung қатысатын System On Chip Advanced Memory Module (SOCAMM) жобасының шеңберінде high-bandwidth-memory (HBM) жаңа стандарт чиптерін әзірлейтіні, өндіретіні және жеткізетіні туралы ақпараттың тарағаны себеп болды.

Көріп отырғанымыздай, нарықта тыныштық орнаған кезеңде де инвесторлардың күшті эмоциясын туғызатын уақиғалар болып жатады. Әсіресе, бұл эмоцияның бәрі жасанды интеллектіге және барлық ілеспе керек-жараққа байланысты болғанда.

Жалпы сейсенбіні қорытындыласақ, жағдай аса қатты өзгере қойған жоқ. Барлығы осы аптаның басты оқиғасын – сәрсенбі күні кешке АҚШ ФРЖ (Федералдық резерв жүйесінің) FOMC соңғы отырысы Хаттамасының шығуын күтуде.