2025 жылғы 10 ақпандағы сауда-саттықтың қорытындысы

Теңіз толқиды – бір, теңіз толқиды – екі... Қор нарығындағы қазіргі жағдайды балалар санамағының осы жолдары дәл сипаттайтын сияқты. Бір күні – жоғарылау, бір күні – құлдырау. Қозғалыс бар сияқты көрінгенімен, іс жүзінде нарық тоқырап тұр және қазіргі уақытта нарық осыдан екі ай бұрынғы қалыптасқан деңгейде. Өткен дүйсенбіде де нарыққа қатысушылар жұма күнгі кішігірім сатылымнан кейін бәрін қайтарып алуға шешім қабылдап, күні бойы нарықтағы қағаздарды ықыластана сатып алумен болды. Бұл әсіресе энергетика және технология секторларының акцияларына қатысты қатты байқалды. Кеше мұнай бағасының 3 пайызға жуық жақсы көтерілуінен мұнай саласының акциялары жоғары сұранысқа ие болды, ал технология секторында инвесторлар өткен аптада бағасы айтарлықтай арзандаған чип шығаратын компаниялардың акцияларын, және ең алдымен NVidia (NVDA,+2,87%), Micron Technology (MU,+3.93%) және Broadcom (AVGO,+4,52%) акцияларын, сондай-ақ жасанды интеллектінің негізіндегі БЖ әзірлеуге қатысы бар компаниялардың, айталық, Oracle (ORCL,+2,56%), Adobe (ADBE,+4,16%) және, әлбетте, Palantir Technologies (PLTR,+5,23%) акцияларын құлшыныспен сатып ала бастады.

Нәтижесінде барлық жетекші американдық индекстер сенімді түрде өсіп, Dow Jonеs (DJIA-30) индексі бойынша +0,38% бастап, жоғары технологиялық компаниялардың NASDAQ Composite индексі бойынша 1 пайыз (+0,98%) дерлік қосты.  

Бірақ кешегі күннің қорытындысы бойынша ITS World (ITSW) жаһандық нарықтық индексі бәрінен де асып түсті, ол айтарлықтай 1,37% қосып қана қоймай, сонымен қатар 1287 тармаққа шығып жабылудағы тарихи максимумын жаңартты. Бұған керемет тоқсан сайынғы есептілігі шыққаннан кейін шарықтап кеткен Израильдің Monday.com Ltd. (MNDY, +26,46%) софтверлік компаниясының акциялары үлкен үлес қосты. Сондай-ақ кеше Alibaba (BABA,+7,55%), Baidu (BIDU,+5,07%) және JD.com (JD,+4,98%) сияқты Қытайдың технологиялық компанияларының акциялары инвесторлардың жоғары сұранысына ие болды. Бір күндегі табыстылығы жағынан американдық «бигтехтехтердің» акциялары одан кейінгі орында тұрды және олардың да ITSW индексінің өсуіне елеулі үлес қосқаны анық.

ITS Shariah (ITSS) исламдық бағалы қағаздар индексіне келер болсақ, мұнда ешкім қатты дүрліккен жоқ, сөйтіп ол бір күнде «бар болғаны» 0,81% өсті. Көріп отырғанымыздай, бұл «бар болғаны» салыстырмалы нәрсе ғана және қалай болғанда да Dow Jones немесе S&P500 (+0,67%) индексінің көрсеткіштерінен тәуір. Дүйсенбінің қорытындысы бойынша, ITSS индексінде оны жоғарылатуға тырысқан негізгі ойыншылар Broadcom (AVGO), Adobe (ADBE) және NVidia (NVDA) акциялары болды. Портфелінің жақсы әртараптандырылуының арқасында ғана бұл индекс, мысалы, S&P500-бен салыстырғанда жақсырақ нәтиже көрсетті.

Жалпы алғанда, дүйсенбі тыныш және оптимистік көңіл-күймен өтті деп айтуға болады. Бұл президент Трамптың жаңа тариф енгізбек жоспарына байланысты үрдістің енді ғана қарқын алып жатқанына және нарыққа қатысушыларды талай рет алаңдатып, дүрліктіруі мүмкін екеніне қарамастан болған жағдай.