2025 жылғы 12 наурыздағы сауда-саттықтың қорытындысы
Инвесторларға да бақ қонатын күн болады екен-ау. Бірақ бұл әбден күтілген және болжауға болатын «бақ» еді. Сәрсенбінің басты оқиғасы тұтынушылық инфляция бойынша деректердің шығуы екені о бастан белгілі болатын. Сондықтан инвесторлардың қандай мәліметті көргеніне қарай нарықтың ендігі беталысы – қайтадан төмендейтіні немесе көтерілетіні анықталуы керек еді. Осы орайда нарыққа қатысушылар ең басынан-ақ өте жақсы жаңалық күтті және негізгі сауда-саттық сессиясы басталғанға дейін негізгі американдық индекстер бойынша фьючерстер нарықта айтарлықтай өсу болуы мүмкін екенін көрсетті. Расында да, нарыққа қатысушылардың да, талдаушылардың да үміті толық ақталды. Ақпанның қорытындысы бойынша тұтынушылық инфляция қаңтардағы 3 пайыздан жылдық мәндегі 2,8 пайызға дейін төмендегенін көрсетті, ал оның қарқыны өткен айға қатысты 0,2% дейін төмендеді (қаңтарда +0,5%!). Әлбетте, нарықтың реакциясы әбден болжанған еді – жоғары, жоғары және тағы да жоғары. Алайда, макро деректер шыққан кезден бастап сауда-саттық басталғанға дейін нарыққа қатысушылар жүрексіне бастады да, барлық индекстер плюсте ашылып, дереу құлдырай бастады. Осы сәтте көптеген инвестордың жүрегі зу еткен шығар. Тағы да! Тағы да жаппай сатылым! Тағы да panic sell off! Бақытымызға орай, бұл жолы қорқынышты ештеңе болған жоқ. Buy the dip (Сәтсіздікті өтеуін төлеп ал) стратегиясы жұмыс істеген сияқты және көптеген инвестор соңғы бірнеше күндегі сатылымнан кейін кейбір Mega Caps бағасы сатып алу үшін әбден тартымды деп шешкенге ұқсайды. Бұл ең болмағанда, NVidia (NVDA,+6,42%), Micron Technology (MU,+7,40%), Palantir Technologies (PLTR,+7,17%) және, әрине, Tesla (TSLA,+7,59%) сияқты компаниялардың акцияларына қатысты іске асты.
Сонымен қатар, жақын арада Intel компаниясының бас директоры болып чип өнеркәсібінің ардагері Лип-Бу Тан (Lip-Bu Tan) тағайындалады деген алып-қашпа әңгіме басылмай жатқан жағдайда Intel компаниясының акциялары (INTC,+4,55%) инвесторлардың үлкен сұранысына ие болғанын ерекше атап өткен жөн.*
*Сауда-саттық аяқталғаннан кейін бұл ақпарат расталды және Intel акциялары пост-маркетте 11%-дан астамға шарықтап өсті.
Лип-Бу Тан (Lip-Bu Tan) бұрын Cadence Design Systems компаниясын басқарды және бұл қызметке уақытша тең басшылар Дэвид Цинснер мен Мишель Джонстон Холтхаустың орнына келді. Олар 2024 жылдың соңында Intel директорлар кеңесі қызметінен босатқан бұрынғы бас директор Пэт Гелсингердің орнын басқан болатын.
Дәл осы компаниялардың акциялары өсудің негізгі драйверлері болды және дәл солар нарықты жоғары көтеріп, сайып келгенде, NASDAQ Composite жоғары технологиялы компаниялар индексін де (+1,22%), S&P500 кең нарық индексін де (+0,49%) (+0,49%) плюске шығарды.
Дегенмен, қазіргі өсу бағалы қағаздардың айтарлықтай тар сегментінде және шағын ғана айналымда болғаны біршама алаңдатады. Оның үстіне, екі индекс те плюспен жабылғанымен, қазір кедергі қызметін атқаратын өздерінің 200 күндік жылжымалы орташа мәндерінен төмен қалды. Өкінішке орай, Dow Jones индексі де (DJIA-30) өзінің SMA (200) деңгейінен төмен жабылды, өзінен жас әріптестерінен айырмашылығы, ол сәрсенбінің қорытындысы бойынша тағы -0,2% жоғалтты. Бұл жағдайда NVidia акцияларының баға белгіленімінің өсуі Procter & Gamble (PG,-2,74%), Walmart (WMT,-2,56%) және McDonald’s (MCD,-2,40%) сияқты әйгілі компаниялардың акцияларының сатылымына төтеп бере алмады, сөйтіп олар Dow Jones индексінде ең нашар деп атанды. Көріп отырғаныңыздай, қазіргі уақытта жеке акцияларға сұраныс бағалы қағаздардың анағұрлым кең ауқымында жалғасып отырған сатылымға тура келіп отыр.
Есесіне, ITS тобының екі индексі де инвесторларды қуантты. ITS World (ITSW) жаһандық нарық индексі 0,56% қосса, S&P500 индексінің де көрсеткіші онымен бірдей болды, ал ITS Shariah (ITSS) исламдық бағалы қағаздар индексінің өсуі сәрсенбінің қорытындысы бойынша 1 пайыз (+1,28%) белгісінен сенімді тұрде асып, NASDAQ Composite индексінің өсуімен салыстырарлық нәтиже көрсетті. Бір қызығы, екі индексте де өсудің негізгі драйверлері бір компаниялар болды. Егер ITSS индексіндегі үздік акциялардың алғашқы үштігіне Tesla (TSLA), NVidia (NVDA) және Oracle (ORCL) бағалы қағаздары кірген болса, ITSW индексінде дәл осы акциялар үздік атанды, бірақ олардың қатарына Люксембургтегі Spotify Technology (SPOT) қосылды. Осылайша, сәрсенбіде екі индекс те қатарлас бағаммен жүрді, бірақ ITSW индексі сәл артта қалды, себебі күнді минуспен аяқтаған акциялардың саны қалай болғанда да айтарлықтай үлкен болды және индекс портфелінің жалпы көлемінің 40%-ынан асты.
Сәрсенбі күнгі нарықтың өсуі, өкінішке орай, құлдырау аяқталды және енді баға белгіленімдері қалпына келеді деп күтуге болатындай Әзірге кепілдік бермейді. Алдағы уақытта FOMC отырысының қарсаңында нарықтағы жағдай біршама тынышталуы әбден мүмкін. Бірақ бұл жаман нәрсенің барлығы артта қалды деген сөз емес. Индекстер өздерінің 200 күндік жылжымалы орташа мәндерінен төмен тұр және олар бұл кедердіні еңсермейінше, қазір болып жатқан түзету аяқталды деп айта алмаймыз.