2025 жылғы 24 қаңтар күнгі сауда-саттық қорытындысы

Трамп инаугурациясы орын алған апта жалпы алғанда жоғарылаумен өтіп, тіпті all time high бірнеше мәрте жаңартыла алды (S&P500 индексі бойынша). Әйтсе де, апта соңына қарай Америка нарығында кіші-гірім коррекция жасалды, алайда ол негізінде индекстерге аптаны нақты плюспен аяқтауға кедергі болған жоқ – өсім NASDAQ Composite жоғары технологиялы компаниялар индексі бойынша 1,65%-тен Dow Jones индексі (DJIA-30) бойынша 2,15%-ке дейін құрады. Сонымен бірге, S&P500 кең ауқымды нарық индексі әдеттегідей орта деңгейде орналасып, апта ішінде 1,74%-ке өсті.

Осы тұста өткен аптаның қорытындысы бойынша Америка нарығындағы өзгерістерді көрсететін қалған басқа индекстерге қарағанда ең тәуір өсім (+2,22%) көрсетіп қана қоймай, аптаны өзінің тарихи максимумдарымен аяқтаған жалғыз индекс болған ITS World (ITSW) жаһандық нарық индексін атап өтуге болады. ITSW индексіне осы шағын «ерлігін» жасауға соның алдында Қытай үкіметі ұсынған қор нарығын ынталандыру шараларының аясында жұма күні мықты өсім көрсеткен қытайлар көмектесті.

Жұма күні американдық индекстерді NVidia (NVDA, -3,12%) құлдыратып, нәтижесінде S&P500 индексінің де, NASDAQ Composite индексінің де оған қарсы қояр еш амалы қалмаған болса, ITS World индексінде акциялары инвесторлардың жоғары сұранысына ие болған батыл қытай жолдастар табылды. Осылайша, жұма қорытындысы бойынша ең жақсы өскен бірінші TOP-5 акциялардың қатарына 4 қытай компаниясы мен фармацевтика алпауыты Eli Lilly (LLY,+2,45%) акциялары кірді. Соңғысы тек 5-ші орында болғанын айта кеткен жөн. Ал бірінші орындар жетекші американдық фармацевттен әлдеқайда алда болған технологиялық сектордағы үш қытай көшбасшысының – ID.com (ID,+5,22%), Baidu (BIDU,+4,64%) және Net Ease (NTES,+3,75%) еншісіне тиді.

Өткен аптада ITSW-ң жолдасы – ITS Shariah (ITSS) ислам қағаздары индексінің жағдайы ITS World индексіне қарағанда сәл ғана нашарлау болды. Тартымдылығы жоғары бұл индекс апта ішінде 1,51% өсіп, аталмыш NVidia (NVDA) болмағанда іс жүзінде өзінің ATH көрсеткішін де жаңарта алатын еді. Өкінішке орай, соңғысы жұма күні сатушылардың қарқынды шабуылына ұшырап, президент Трамптың инаугурациясынан кейін нарықта қалыптасқан керемет көріністі аздап күңгірттендірді. NVDA акцияларын жаппай сатуға жасанды интеллект қосымшаларына арналған Nvidia процессорларының құрамында пайдаланылатын графикалық чиптердің басты жеткізушісі – SK Hynix компаниясының түсініктемесі себеп болды. SK Hynix болашақ сұранысқа қатысты сақтық білдіріп, NVidia қорлар түзетімі, сауда протекционизмі мен геосаяси қауіп-қатерлер сияқты тәуекелдерге тап бола алатынын атап өткен болатын. Бұның инвесторларды аздап үрейлендіріп, олардың біршамасы өз позицияларын қысқартуға шешім қабылдағаны түсінікті-ақ.

Әйтсе де, жалпы алғанда өткен апта айтарлықтай сәтті өтіп, жоғарылау тренді берік сақталып отыр. Нарықтың келешек тағдыры шешілер келесі меже Ашық нарықтар комитетінің (FOMC) кезекті мәжілісінің қорытындысы бойынша АҚШ ФСҚЖ Төрағасы Джером Пауэлл баспасөз мәслихатын өткізетін келесі сәрсенбі 29 қаңтар болатынының ықтималдығы жоғары.