2025 жылғы 15 сәуірдегі сауда-саттықтың қорытындысы

Өткен аптадағы қызу сауда-саттықтан кейін нарықтағы жағдай біршама тыныштала бастағандай. VIX үрей индексі бойынша құбылмалылық 50 тармақтан 30 тармақ деңгейіне дейін күрт төмендеді, сауда-саттықтағы айналым да қатты құлады – құлдырау көрсеткіші 2 еседен асты. Бірақ жалпы алғанда бұл түсінікті жағдай. Алдымен индекстер қатты түсті де, кейінірек жақсы серпіліс болды. Ал ендігі беталысы қандай болмақ? Оның үстіне, жаңа тариф енгізуге байланысты жағдай аяқталмай қалды, сондықтан анығын ешкім айта алмайды. Сөйтіп инвесторлар әрі қарай не істеу керектігін білмей бастары қатып отыр. Сейсенбі күнгі сауда-саттық та мұны растайды. Нарық кішігірім плюспен ашылып, негізгі сауда-саттық сессиясының жартысы бойы жетекші американдық индекстер нөлден жоғары тұрды. Өсу үлкен болмаса да, құлдырау үрдісінің белгілері байқалған жоқ. Бірақ түстен кейін нарықтағы ауа-райының бұзылу нышардары пайда болысымен индекстер нөлден төмен бағытты бетке алып біртіндеп ығыса бастады (төмендей бастады емес, ығыса бастады!). Есептіліктің жаңа маусымын ашқан жетекші банктердің тоқсандық есептілігі әжептәуір шыққанының және нарықтарды біршама дәрежеде қалыпта ұстап тұрғанының да пайдасы болған жоқ. Не болғанда да кешегі күннің қорытындысы бойынша қаржы секторы үздік атанды, онда жұмыс істейтін компаниялар орташа есеппен +0,6% қосты. Кешегі күннің ең жақсы нәтижесі банк саласындағы екі алпауыт – Bank of America (BAC,+3,60%) және Wells Fargo Company (WFC,+2,28) акцияларына тиесілі. Әлбетте, бұл индекстер үшін біршама қолдау болды, соның арқасында олар әрі қарай құлдыраған жоқ. Нәтижесінде жетекші американдық индекстердің бір күндегі шығыны азғантай болды – ең азы NASDAQ Composite жоғары технологиялы компаниялар индексі бойынша 0,05% және ең көбі Dow Jones (DJIA-30) индексі бойынша -0,38% жетті. Осы орайда Америка нарығының негізгі бенчмаркы – S&P500 индексі -0,17% жоғалтты.

Былайынша, сауда-саттықтың осылай аяқталғанына қуануға да болатын сияқты – ол аздап тоқтады, шығыны да мардымсыз. Қорқатын ештеңе жоқ, одан кейін нарықта өсу басталуы да әбден мүмкін. Алайда кешегі сауда-саттықтың қорытындысына қарап, онда өте жағымсыз нәрсе болғанын байқауға болады. S&P500 индексі бойынша графикте Death Cross деп аталатын белгі пайда болды. Техникалық талдау тұрғысынан алғанда, бұл сатуға көшу керектігін көрсететін өте күшті белгі, нақты жағдайда оны көрген инвесторлар көбіне-көп бұл нұсқауды басшылыққа алып, қағаздарды сатуға кіріседі. Демек, «өлім крестінің» пайда болғанына байыппен қарау керек, бұл жағдайда босаңсу орынсыз.

ITS тобының индекстеріне келетін болсақ, бейсенбі күнгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша мұндағы шығын американдық индекстермен салыстырғанда сәл көбірек болды. Бірақ мұның себебі, ең әуелі, ITS индекстерімен сауда-саттық ұзағырақ уақытқа жалғасып келе жатыр, сондай-ақ негізгі сауда-саттық сессиясы жабылғаннан кейін постмаркеттегі Америка нарығының жағдайы нашарлады. Сондықтан ақырында ITS World (ITSW) жаһандық компаниялар индексі бір күнде 0,58% жоғалтты, ал ITS Shariah (ITSS) исламдық қағаздар индексінің шығыны -0,82% асты. Дегенмен екі индекстегі жалпы динамика осындай аралас сипат алды. Анық байқалатын көшбасшы да жоқ, мүлдем үмітсіз «бейбақтар» да көрінбейді.

Көріп отырғанымыздай, нарықтағы жағдай бір қалыппен күту фазасына өтті. Жақын арада қандай оқиғаның нарықты қозғалысқа келтіретіні әзірге беймәлім. Дегенмен, бұған жетекші американдық компаниялардың тоқсандық есептілігінің шығуы түрткі болатын сияқты. Өйткені есептілік ұсыну мерзімі басталды, алдағы күндерде оның тез қарқын алатыны анық.