Naryk.kz: Нарыққа апталық шолу: тоқсандық есептер нарыққа оптимизм әкелді

Өткен апта америкалық қор нарығы үшін барлық жағынан өте сәтті болды. Ал жетекші индекстер 3-4 пайыз өсті және олардың кейбіреулері (S&P500 кең нарықтық индексі, сондай-ақ NASDAQ 100 және NASDAQ Composite жоғары технологиялық компаниялардың индекстері) тіпті тарихи максимумын жаңартты. Бұл туралы ITS биржасы сарапшыларының нарыққа апталық шолуында айтылған.

Жетекші америкалық технологиялық компаниялар шоғырланған секторлар өткен апта ең қарқынды өсті. Осы компаниялар аптаның соңына дейін үздік ондыққа енуі керек еді. Дегенмен, көріп отырғанымыздай, тек Advanced Micro Devices Inc (AMD) ірі технологиялардың алғашқы ондығына енді. Оның өзінде үздік ондықтың басында емес. Технологиялық сектордан тағы бір компания бар, Arista Networks Inc (ANET), бірақ, біріншіден, ол инвесторлар арасында соншалықты танымал емес және үздік ондықтың соңында тұр.

Апта соңына қарай үздік ондыққа кірген компаниялардың бірі бөлшек саудадан, ондай жиі бола бермейді. Рас, Nike (NKE) таза бөлшек сатушы емес. Өздеріңіз білетіндей, компания тек сатумен ғана шектелмейді, сонымен қатар спорттық киімдерін, аяқ киімдерін және басқа да спорттық аксессуарларды шығарады. Оның акциясының 20%-дан астам өсуіне талдаушылар болжамынан жақсырақ болып шыққан тоқсандық есебі себеп болды. Ашығын айтқанда, есеп өте керемет емес, бірақ бір жағдай компанияға оң әсер етті және инвесторлардың көңілінен. Nike басшылығы Трамп әкімшілігі енгізген жаңа тарифтердің кері әсерін атап, өндірістің бір бөлігін Қытайдан АҚШ-қа көшіру туралы шешім қабылдады. Осылайша компания қатерді аздап әртараптандырып, жаңа тарифтың кері салдарын азайта алады. Көріп отырғанымыздай, нарық қатысушыларының бұл оқиғаға реакциясы өте оң болды, бұл шын мәнінде Nike акциясының бағамына оң әсер етті.

Сондай-ақ аптаның қорытындысы бойынша екі компанияның – ойын-сауық саласындағы бәсекелестер – Royal Caribbean Group (RCL) және Carnival Corp (CCL) теңіз круиздерін ұйымдастырушылар акцияларын атап өткен жөн. Бұл екі компания да бәсекелес болып қана қоймай, олардың акция бағалары да бір аптада бірдей – +14% өсті. Круиз компаниясы акциясын жаппай сатып алудың себебі (және RCL және CCL-ге Norwegian Cruise Line Holdings (NCLH) қосуымыз керек) 24 маусымда көпшілікке жариялаған Carnival Corp (CCL) тамаша есебі болды. Carnival акцияға шаққандағы өзгерген табыс (EPS) 0,35 доллар болып, II тоқсандағы кіріс 9%-дан артыө өсіп, 6,33 млрд долларға жетті. Екі көрсеткіш те аналитиктердің ортақ болжамынан асып түсті. Сондай-ақ компания 2026 жылға арналған қаржылық жоспарын 18 ай ерте орындағанын мәлімдеді.

Айта кету керек, тасымалданған жолаушылар саны 3% өсіп, 3,4 млн адамға, ал жолаушылар круиз күн саны 4% артып, 25,3 млн күнге жетті. Әрине, бұл көрсеткіштер нарыққа қатысушыларды бей-жай қалдырмады және Carnival көрсеткіші бәсекелестеріне де оң әсер етті. Барлық круиз компанияларының салыстырмалы түрде төмен базасын ескере отырып, барлығы круиз компанияларының әлі де өсу әлеуеті бар екенін түсінеді, өйткені олар әлі де COVID-ке дейінгі өнімділік көрсеткішіне жеткен жоқ.

Алғашқы ондыққа үшеуі кірген қаржы компанияларына да тоқталған жөн. Coinbase Global Inc (COIN) криптовалюта биржасының акцияларының үздіксіз өсуіне келетін болсақ, мұнда бәрі түсінікті. Инвесторлар стейблкойн эмитенттеріне қаражатты тек ең сенімді активтерге салуды міндеттейтін Genius заңының қабылдануына байланысты алдыңғы аптадағы жаңалықтың ықпалымен әрекет етіп жатыр.

Қаржы секторының қалған екі өкіліне келетін болсақ, жағдай тың әрі қызықтырақ. Blackstone Inc (BX) басқарушы компаниясының акциясына сұраныс компания BREDS жылжымайтын мүлік секторындағы банк қарызы платформасы арқылы Atlantic Union Bankshares (AUB) банкінен шамамен 2 млрд долларға коммерциялық жылжымайтын мүлікке қолданыстағы несиені сатып алғаннан кейін пайда болды. Нарық қатысушыларына компанияның бұл әрекеті ұнап, жақсы несие портфелі Blackstone акциясының өсуіне ықпал еткен секілді.

Бір аптада 11%-дан астам өскен Northern Trust Corp (NTRS) басқарушы компаниясының акциясына сұраныс одан да көп болды. Бұл өсімнің себебі The Wall Street Journal журналында Bank of New York Mellon (BK) банкінің Northern Trust кішірек банк тобымен бірігуді қалайтыны туралы есеп болды. Northern Trust-тың нарықтық капитализациясы 24 млрд доллардан асатындықтан, бұл жай сыйлықақымен де өте қызықты және қымбат мәміле болатынын білдіреді. Сондықтан Northern Trust акциясының көрсеткіші өсуі керек.

Бұл өткен аптаның бізге әкелген алуан түрлі жаңалықтары. Бұл жаңалық өте оптимистік. Бизнес дамып, жаңа жобаларды іске қосуда және компанияның жақсы есептері инвесторлар тарапынан олардың акциясына сұраныстың артуын ынталандырады.

 

(c) Naryk.kz