2025 жылғы 29 мамырдағы сауда-саттықтың қорытындысы

Инвесторлар өткен бейсенбіге көп үміт артқан еді. Оның үстіне бейсенбінің сауда-саттығы айтарлықтай жақсы, әлеуетті ахуалдан басталды. Технологиялық сектордың супержұлдызы NVidia (NVDA) компаниясының есептілігі тамаша шықты, президент Трамп АҚШ Конгресімен келіспей жаңа тарифтер енгізіп өз өкілеттігін асыра пайдаланды деген тұжырымға келген Халықаралық сауда жөніндегі сот тиісті шешімін шығарды және ақырында, негізгі сауда-саттық басталар кезде жарияланған ЖІӨ бағасы күтілгеннен жоғары болды. Осындай жағдайда нарық міндетті түрде өсуі керек сияқты еді. Әттең, олай болмады. Жалпы инвесторлардың үміті толық ақталған жоқ деп айтуға болады.

Сауда-саттықтың басында барлық жетекші американдық индекстер шынымен де кішігірім гэппен көтеріліп, бір сәтте тіпті 1,5 пайызға дейін қосты (NASDAQ Composite индексі). Бірақ одан кейін бірдеңе дұрыс болмай, үрленген шарға ұқсап кеткен нарықтың баяу болса да, ауасы шыға бастады. Тіпті бейсенбі күнгі өсудің локомотиві – Nvidia акцияларының баға белгілімдері бірте-бірте бір пайыздан жоғалта бастады (ал өсуі 7% дерлік болған еді!), сөйтіп сауда-саттықтың соңында осынау қызығушылық туғызатын компанияның акциялары бір күндегі өсімінің жартысынан көбінен айырылып, сәрсенбі жабылар кезде небары +3,25% қосты. Salesforces (CRM) компаниясының жағдайы тіпті қынжылтады – ол да бір күн бұрын кешке өзінің есептілігін жариялаған болатын және инвесторлар бастапқыда оған оң қабақпен қарады. Күннің бірінші жартысының қорытындысы бойынша оның акцияларының баға белгіленімі 2% өсті. Бірақ финалдық гонг соғылар кезде оның акциялары бір күнде құнының -3,3% жоғалтып, өсімі түгел ғайып болды, сөйтіп компания айтарлықтай минусқа кірді.

Сондықтан барлық негізгі американдық индекстер нарыққа қатысушылардың көңіл-күйі нашарлағанына қарамастан, Dow Jones (DJIA-30) индексі бойынша +0,28%, бастап S&P500 және NASDAQ Composite индекстері бойынша +0,4% қосып, күнді нөлден жоғары деңгейде аяқтағанына қуану керек.

Ал ITS тобының индекстері олай жасай алған жоқ. Бұл жерде ITS алаңындағы сауда-саттық АҚШ-тағы негізгі сауда сессиясының жабылуымен (яғни Астана уақытымен 01-00) аяқталмай, бүкіл американдық пост маркет кезінде де Астана уақытымен 03:45-ке дейін жалғасатыны өзінің рөлін атқарды. Бейсенбіде финалдық гонг соғылғаннан кейін АҚШ-та пост маркеттегі жағдай нашарлай берді де, мәселен, NVidia компаниясы акцияларының баға белгіленімі негізгі сессия жабылғаннан кейін құнының 1%-дан астамын жоғалтты. Нәтижесінде ITS индекстерінің екеуі де – ITS World (ITSW) жаһандық компаниялар индексі де, ITS Shariah (ITSS) исламдық бағалы қағаздар индексі де бейсенбі күнгі сауда-саттықты тиісінше -0,08% (ITSW) және -0,68% (ITSS) мөлшеріндегі аздаған шығынмен аяқтады.

Бейсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижесі сала бойынша қарастырғанда да қызық. Бұл әсіресе ITSS исламдық бағалы қағаздар индексінің мысалынан айқын көрінеді. Табыстылық көрсеткіші бойынша бірінші орынды аталмыш NVDA акциялары иеленді. Дегенмен, ITSW индексінде оны қытайдың JD.com (JD) компаниясы «басып озды» - оның акциялары 4 пайыздан астам (+4,31%) жоғарылады. Бірақ егер де нарықты сала бойынша талдау тұрғысынан қарастырсақ, күн қорытындысы бойынша сектор деңгейінде бірінші орын медицина және фармацевтика компанияларының (Healthcare секторы) акцияларына тиесілі. Кеше олардың өсімі орташа есеппен алғанда 1 ​​пайызға жуықтады (+0,98%). Ал ITSS индексіндегі үздік компаниялар ондығына NVidia (NVDA) және Broadcom (AVGO) сынды технологиялық сектор алпауыттарымен қатар, AbbVie (ABBV) және Johnson & Johnson (JNJ) компаниясынан бастап Abbott Laboratories (ABT), Intuitive Surgical Inc (ISRG) компаниясына дейін – медицина саласының 5 компаниясы кірді. Жалпы атап өтетіні, соңғы апталарда жекелеген медицина компанияларының акциялары айтарлықтай тұрақты әрі жақсы өсіп жатыр. Бірақ бұл бүкіл секторға тән емес, жеке компанияларға ғана қатысты әңгіме, өйткені сектордың өзі, өкінішке орай, үстіміздегі жылдың басынан бері табыстылық көрсеткіші жағынан соңғы қатардан шыға алмай жатыр.

Бейсенбі күнін қорытындылай келе, нарыққа қатысушылардың үрейлену деңгейінің өскені анық екенін атап өткен жөн. Сырттан да, корпоративтік оқиғалар деңгейінде де оқтын-оқтын пайда болатын жағымды ахуал тез жойылып кетеді, сондықтан нарыққа энергия бермейтін болды. Сәуірдің аяғынан басталып, мамыр айына жалғасқан өсім біртіндеп сәтсіздікке орын беріп жатқандай. Бақытымызға орай, әзірге нарықта жаппай сатылым болып жатқан жоқ. Бірақ жағдайдың тұрақсыз және бір кезде салдары әлдеқайда қиын үрдіске әкеп соқтыруыі мүмкін екені сөзсіз. «Нарық серіппесі» қысылып жатыр, бірақ мұның шексіз жалғаса бермейтіні анық.