Әлемдік нарықтарды озу: Қазақстан акциялары кіретін ITS World индексінің долларлық кірістілігі бір жылға жетпей 30%-ға жетті

ITS World флагмандық индексінің динамикасына байланған ITSW биржалық инвестициялық қоры (ETF) сауда басталғанына бір жылға жетпей-ақ 30% долларлық кірістілік көрсетті, осылайша жаһандық нарықтағы көптеген бенчмарктерден озып шықты.

ITS World индексіне байланған ETF-тің пайда болуы АХҚО юрисдикциясында жасалған жағдайлар мен реттеу шараларының арқасында мүмкін болды: ITSW инвестицияларынан түскен табыс салықтан босатылады. Сонымен қатар, ITSW акциялары АҚШ долларында номинацияланған, бұл валюталық кіріс іздейтін, бірақ депозиттер бойынша төмен мөлшерлемелерге қанағаттанғысы келмейтіндер үшін маңызды.

ITS World индексінің құрамына әлемнің түкпір-түкпіріндегі халықаралық компаниялардың 50 акциясы кіреді, соның ішінде Қазақстанның жетекші финтех компаниясы Kaspi.kz және ұлттық мұнай-газ компаниясы «ҚазМұнайГаз» акциялары бар. ITS индекс құрамын тұрақты түрде ребалансировкадан өткізіп отырады.

ITS World индексінің экономика салалары мен өңірлер бойынша ойластырылған әртараптандырылуы, сондай-ақ индексті тұрақты түрде ребалансировкадан өткізу АҚШ долларымен есептегенде жыл басынан бері 25% кіріс алуға, ал ITSW саудасы басталған 2024 жылғы қарашадан бері шамамен 30% нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Салыстыру үшін айтсақ, дамыған елдер акцияларының жаһандық индексі MSCI World жыл басынан бері 17% өсті, ал технологиялық сектор акцияларының серпінін көрсететін әлемнің негізгі қор индекстерінің бірі NASDAQ 19% көтерілді, ал британдық FTSE100 16% артты.

ITS World индексінің кірістілігіне инвестиция жасау ITS саудасына қатысушылардың барлығына қолжетімді: инвесторлар ITSW қорының акцияларын ITS-ке қосылған брокерлерден шамамен 15 АҚШ доллары бағасымен сатып ала алады.

Қор акцияларын сатып ала отырып, инвестор өз өңірі мен саласында көшбасшы саналатын ірі халықаралық компаниялардың мұқият іріктелген бағалы қағаздар қоржынына үлес сатып алады. Егер инвестор осындай қоржынды өз бетімен жинаса, оған бірнеше ондаған мың доллар қажет болар еді.

«Мұндай портфельді құру үшін терең білім мен нарықты талдау, сондай-ақ инвестицияларды үнемі бақылау қажет. Ал ITSW қорын басқаруда басты рөлді математика атқарады, менеджер емес. Бұл, әрине, инвестор үшін әлдеқайда арзанға түседі және ең бастысы — нарықтағы операцияларды барынша ыңғайлы етеді: бар болғаны “сатып алу” немесе “сату” түймесін басу жеткілікті», — деді ITS басқарушы директоры Александр Дияковский.

ITSW қорының басқарушы компаниясы — бөлшек инвесторларға арналған қорларды басқару жөніндегі АХҚО лицензиясы бар IPS Capital.

ITSW акциялары АҚШ долларында номинацияланған. ITS саудасы Астана уақытымен сағат 10:00-ден келесі күнгі 03:45-ке дейін жүргізіледі. Сауда басталған алғашқы күннен бастап ITSW ETF акцияларының өтімділігін маркет-мейкерлер бүкіл сауда сессиясы бойы қамтамасыз етеді. ITSW ETF басқару қызметінің құны жылына 0,2% деңгейінде белгіленген.

Инвесторларға ETF акциялары мен бағалы қағаздары тәуекелі жоғары актив екенін еске саламыз. Өткен кезеңдердегі кірістілік көрсеткіштері тек анықтамалық мақсатта келтірілген және болашақтағы табыстылықты болжауға негіз бола алмайды. ITSW акцияларының құны ITS World индексіне кіретін бағалы қағаздардың нарықтық бағасына байланысты өсіп немесе төмендеуі мүмкін.

 

ITS туралы ақпарат

ITS – халықаралық өтімділік хабы. ITS бизнес моделінің негізінде жатқан best execution қағидасы мен smart order routing өтімділікті қамтамасыз ету технологиясы инвесторларға жаһандық қаржы нарығындағы ең жақсы бағамен және кез келген көлемде бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға мүмкіндік береді. Осы технологияның арқасында ITS алаңындағы шетелдік бағалы қағаздар бойынша өтімділік осы бағалы қағаздар саудаланатын жетекші халықаралық алаңдардағымен бірдей.

ITS өзінің ITS World (ITSW) және ITS Shariah (ITSS) индекстерін есептейді.

Орталық Азия мен Күнгей Кавказда өзінің ITS World индексіне (тикер: ITSW) алғашқы ETF сауда-саттығы 2024 жылдың қараша айында басталып, инвесторлардың кең қатарына кіру шегі төмен инвестиция салуға және трейдинг жасауға ыңғайлы және теңдестірілген құралды ұсынды. 2025 жылғы қаңтарда ETF желісі ITS Shariah шариғаттық индексі (тикер: ITSS) қорымен толықты.

ITS алаңының тікелей клиенттері Қазақстан мен басқа елдердің бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар АХҚО-да аккредиттелген, сол сияқты тікелей тіркелген қаржылық делдалдар болып табылады. Инвесторлар – жеке және заңды тұлғалар сауда-саттыққа қаржы делдалдары – брокерлер мен банктер арқылы шығады.

 

ITS баспасөз қызметі
pr@itsx.kz
ITS ресми телеграм-арнасы
ITS ресми инстаграм аккаунты