ITS өз рекордын жаңартты: қазандағы сауда көлемі 70% өсіп, $1,82 млрд-қа жетті

ITS Халықаралық сауда платформасы 2025 жылғы қазан айында өз тарихындағы ең жоғары сауда айналымын тіркеді – $1,82 млрд, бұл қыркүйектегі көрсеткішпен ($1,07 млрд) салыстырғанда 70% жоғары.

ITS платформасындағы орташа күндік сауда көлемі шамамен $80 млн-ға дейін өсті, қыркүйектегі $48,5 млн-мен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Қазан айында инвесторлар 363 мыңнан астам мәміле жасады, бұл қыркүйектегі көрсеткіштен 48% көп.

Сауда көлемінің өсуіне жаһандық нарықтардағы құбылмалылықтың артуы мен ITS алаңында сауда жасайтын трейдерлер мен инвесторлар санының көбеюі әсер етті. Қазан айында платформаға жаңа брокер – қазақстандық N1broker компаниясы қосылды.

Қазіргі таңда ITS платформасына Қазақстан, Армения, Кипр, Оңтүстік Африка Республикасы, Оман және Болгария елдерінен 17 брокер қосылған. Бұл алаңның халықаралық сипатын және АХҚО аясындағы белсенді дамуын көрсетеді.

Қазан айында ITS платформасындағы инвесторлар арасында ең танымал шетелдік бағалы қағаздарға Meta (META), Tesla (TSLA), Cipher Mining Inc. (CIFR), Freedom Holding Corp. (FRHC), CleanSpark, Inc. (CLSK), AMD (AMD) және Oracle Corporation (ORCL) енді.

“Қазан айындағы рекордтық көрсеткіштер біздің Орталық Азия елдері үшін халықаралық өтімділік хабын құру стратегиямыздың тиімді екенін дәлелдейді. Біз ITS экожүйесін жүйелі түрде кеңейтіп, қатысушылар мен қолжетімді құралдар санын арттырып келеміз. Бұл АХҚО мен Қазақстанды жаһандық инвесторлар үшін одан да тартымды етеді,” – деді ITS бас атқарушы директоры Шыңғыс Қанапиянов.

ITS платформасында 3000-нан астам инвестициялық құрал қолжетімді, оның ішінде 300-ден астам ETF бар, бұл инвесторларға кез келген нарықтық сценарийге сай стратегияларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Платформа сондай-ақ инвесторларға ITS World және ITS Shariah индекстеріне арналған ETF, сонымен қатар single stock ETF жаңа құралын ұсынады, ол Tesla және Netflix сияқты қымбат акциялардың үлесін сатып алуға мүмкіндік береді.

 

ITS туралы ақпарат

ITS – халықаралық өтімділік хабы. ITS бизнес моделінің негізінде жатқан best execution қағидасы мен smart order routing өтімділікті қамтамасыз ету технологиясы инвесторларға жаһандық қаржы нарығындағы ең жақсы бағамен және кез келген көлемде бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға мүмкіндік береді. Осы технологияның арқасында ITS алаңындағы шетелдік бағалы қағаздар бойынша өтімділік осы бағалы қағаздар саудаланатын жетекші халықаралық алаңдардағымен бірдей.

ITS Central Securities Depository Limited – ITS-тің орталық депозитарийі – бағалы қағаздарды сақтау және есеп айырысу бойынша депозитарлық қызметтер көрсетеді. Депозитарий АҚШ-тың салық қызметі тарапынан ұстап қалуға негізгі жауапкершілігі бар білікті делдал (Qualified Intermediary with primary withholding responsibility, WQI) мәртебесін алған.

Central Counterparty – ITS-тің орталық контрагенті – клирингке қатысушылардың барлық міндеттемелері бойынша тарап болып табылады және ITS сауда алаңында жасалған мәмілелер бойынша клирингті жүзеге асырады.

ITS алаңы ITS World (ITSW) және ITS Shariah (ITSS) өз индекстерін есептейді.

ITS алаңының тікелей клиенттері Қазақстан мен басқа елдердің бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылары – АХҚО-да аккредиттелген, сол сияқты тікелей тіркелген қаржылық делдалдар болып табылады. Инвесторлар – жеке және заңды тұлғалар сауда-саттыққа қаржы делдалдары – брокерлер мен банктер арқылы шығады.

 

ITS баспасөз қызметі

E-mail: pr@itsx.kz

Telegram: @itsx_official

Instagram: @itsglobalstocks