2025 жылғы 27 ақпандағы сауда-саттықтың қорытындысы
Кезекті рет күнтізбенің қызыл күні келіп қалды. Тағы да – жаппай сатылым. Президент Трамп тағы да қор нарығын қиратып жатыр. Бейсенбінің қападар ететін қорытындысы осындай. Әттең, бәрі мүлдем басқаша басталып еді. Инвесторлар NVidia (NVDA,-8,48%) тамаша тоқсандық есептілігін сақтықпен қарсы алғанымен, оның шынымен де тамаша екеніне ешкім қарсылық білдірген жоқ. Бұл осыдан бір апта бұрын – өткен бейсенбіде басталған нарықтағы құлдырау әлі де тоқтайды және біз ең болмағанда бұл үрдістің қандай да бір тоқтауына немесе тіпті белгілі бір шамада көтерілуіне куә боламыз деген үміт ұялатты. Қалай болғанда да, бейсенбі күнінің бірінші жартысында +0,8%-ға дейін өскен Американың негізгі индекстері бойынша фьючерс дәл осыны көрсетті.
Жұмыссыздық жәрдемақысын алуға берілген алғашқы өтінімдер бойынша макро деректер нарыққа қатысушылардың көңіл-күйін сәл бұзғаны да рас, өйткені 242 000-ға дейін өскен ол болжамнан нашар болып шықты (222 000 деп болжанған еді). Дегенмен, негізгі сауда-саттық сессиясының ашылуында индекстер шамамен +0,5% өсті. Алайда «нарық бұқаларының» шамасы көпке жеткен жоқ. «Аюлар» әу бастан-ақ нарықтың тізгінін өз қолына алып, бәрін қыспаққа қысты. Сауда-саттықтың бірінші сағатынан кейін Dow индексінен басқа барлық индекс атаулы нөлден төмендеп, «бұқалар» мен «аюлардың» арасындағы негізгі шайқас нөлге жақын белгіде өтті. Бір кездері кейбіреулерге жағдай соншалықты жаман емес сияқты көрінуі мүмкін еді: +0,1% немесе 0,1% болсын, айырмасы онша үлкен емес. Трамп тарифке қатысты жаңа ақпаратымен шыға келмегенде, солай болатын да еді. Сауда-саттық сессиясының ортасына қарай енгізілуі 1 наурызға қалған және көпшілік ойлағандай, бұл жолы тағы да 2 сәуірге ауыстырылады деген Канада мен Мексикаға арналған жаңа тарифтер келесі аптада – 4 наурызда енгізіледі деген ақпарат шықты. Бұл хабарлама жаппай сатуды бастап жіберді де, содан кейін нарықты тоқтату мүмкін болмай қалды. Ең бастысы – жіп жіңішке жерінен үзіледі. Егер бұл уақытқа дейін NVidia акцияларының баға белгіленімі минуста болса, шығыны айтарлықтай көп болған жоқ – шамамен 2-3 пайыз. Ал жаңа баж бен тариф енгізу туралы ақпарат шыққан сәттен бастап NVDA акциялары жеңілдік ұсыныммен жаппай сатыла басталды, бұдан барлық чип-мейкерлердің акциялары төмен құлдырай бастады, содан кейін бүкіл технология секторының акциялары мен «Тамаша жетіліктің» акцияларына жағымсыз әсер етті. Осынау технологиялық sell-off салдарынан NASDAQ (және NASDAQ 100 (-2,75%) және NASDAQ Composite (-2,78%)) индекстері үшін бұл ең нашар күн болды, сондай-ақ біз басқа индекс – Dow Jones индексі (-0,45%) мен S&P500 (-1,59%) индексінде елеулі минус алдық.
Өкінішке орай, бұл сатылым ITS тобының индекстеріне әсер етті. Екі индекс те ауыр шығынға ұшырап, тиісінше 1,82% (ITS World (ITSW) жаһандық нарық индексі) және 2.47% (ITS Shariah (ITSS) исламдық қағаздар индексі) төмендеді.
Бейсенбі күнгі нәтижеге негізделген ITS индекстерін егжей-тегжейлі қарастыратын болсақ, онда мысалы, ITSW индексінде бұл индекске кіретін 50 компанияның үштен бірі ғана күнді плюспен аяқтағаны көрінеді. Оның үстіне, олардың жартысынан астамы – Азия және Еуропа компанияларының акциялары. Күннің қорытындысы бойынша жылжымайтын мүлік нарығындағы Швейцарияның қаржы сақтандырушысы Chubb Limited (CB,+2,93%) компаниясының акциялары шамамен 3 пайыз қымбаттады. Кейбір басқа қаржыгерлер де, ең алдымен Visa (V,+1,46%) және MasterCard (MA,+0,63%) төлем жүйелерінің акциялары тәуір көрінді.
Сондай-ақ кеше өсім көрсеткен акциялардың қатарында американдық бигтехтердің жаппай сатылуына қалай болғанда да қарсы тұру үшін бар күш-жігерін салған қазақстандық Kaspi.kz (KSPI,+0,53%) акцияларының болғаны да қуанышты жағдай.
ITSS исламдық бағалы қағаздар индексіне келетін болсақ, жаппай сатылым бұл индекске көбірек әсер етті. Бірақ мұнда да күнді плюспен және минуспен аяқтаған акциялардың таралуы ITSW индексіндегідей болды, олардың үштен бірі күнді плюспен, ал 2/3 бөлігі минуспен аяқтады. Тіпті өсудің көшбасшылары да бірдей болды – Visa және MasterCard. Бұған қоса, медицина компанияларының (MRK,AZN, JNJ) және тұтыну секторында жұмыс істейтін компаниялардың (PEP,KO) бірқатар акциясы да сатылымның салдарын қандай да бір жолмен жоюға күш салды.
Дегенмен, сатылымының аты сатылым. Түзету болатыны анық еді, ал қазір біз оның салдарын көріп отырмыз. Ендігі мәселе – ол қазіргі деңгеймен шектеле ме, әлде келеңсіз жағдай одан әрі жалғаса ма? Мұның жауабы жұма күні, тұтынушылық инфляция (PCE индексі) туралы ең маңызды деректер жарияланған кезде алынуы мүмкін.