Трамптың қара құстары

Өткен апта таңқаларлық қызықты әрі интригаға толы болды. Бірақ бәрі жақсы басталды да, өкінішпен аяқталды.

Апта S&P500 және NASDAQ Composite индекстерінің (сондай-ақ ITS World (ITSW) және ITS Shariah (ITSS) индекстерінің) жаңа тарихи максимумдарын жаңартуымен басталды, және бұл тағы да сәуір айынан бастап байқалып келе жатқан керемет раллидің жалғасуын көретінімізге сендіргендей болды. Дегенмен инвесторлар ішінен «ағаштар аспанға дейін созылмайтынын» жақсы түсініп, кейбір тоқтау мен коррекцияның мүмкін екенін білсе де, нарыққа қатысушылардың көңіл-күйі апта басында өте позитивті болды.

Бұл көңіл-күйдің сақталуы да ықтимал еді, себебі АҚШ-тың ФРС (Federal Open Market Committee) жиналысы сәрсенбіде жоспар бойынша өтті, ал «Керемет жетілік» технологиялық алыптарының тоқсандық есептері инвесторлардың үміттерін толық қанағаттандырды. Мысалы, Microsoft (MSFT) компаниясының 2-ші тоқсан нәтижелері жарияланғаннан кейін оның нарықтық капитализациясы 4 трлн долларлық деңгейге жетіп, NVidia (NVDA) компаниясымен бірге «төрт триллионерлер» клубының екінші мүшесіне айналды. Қысқасы, жұмаға дейін бәрі қызыл үміттің әсерінде болды. Иә, аптаның ортасында өсім біраз тоқтағанымен, оны нарықтың салыстырмалы түрде ыстық болуының салдары деп түсіндірілді.

Дегенмен жұма күні жұмыс нарығынан күтпеген апат келді. Сәрсенбіде ADP агенттігінің жұмыс нарығы туралы алдын ала деректері жарияланды, олар өте оптимистік сипатта болып көрінді және ешкімге күмән тудырған жоқ. Сондықтан АҚШ-тың Еңбек министрлігі Статистика бюросының шілде айына арналған ресми теріс деректері көптеген адамдар үшін ашық аспандағы найзағайдай болды. Одан бөлек шілде айындағы нашар деректер ғана емес, сонымен қатар маусым айына арналған деректер де төмендетілді. Бұл нарық қатысушылары үшін үлкен шок болды. Ал ең бастысы, бұл жағдайдың таңқалдырғаны соншалық, тіпті президент Трамп та жалпы наразылық процесіне қосылып, ашуланып, бірден Еңбек статистикасы бюросының (BLS) басшысын жұмыстан шығарды. Бұл мекеме бүкіл әлемдегі инвесторлардың сеніміне, адалдық пен дәлдікке негізделген бағалы беделге ие болған еді, бірақ Трамп оны деректерді бұрмалады деп айыптап отыр.

Қазір Трамп жақын арада BLS жаңа жетекшісін тағайындайтынын айтады. Бұл тәуелсіз статистик бола ма, әлде Трамптың қолдаушысы, өз қожайынына ұнауға ұмтылатын адам бола ма – әзірге жауап жоқ.

Әрине, осындай шиеліністі жағдайдың фонында бірден сауда көлемі үлкен көлемде сатылымға шықты, бұл көптеген жетекші акциялардың және индекстердің баға белгіленімдерінің төмендеуіне әкелді. Нәтижесінде нарық жаңа биіктерге көтерілуден бас тартып, апта сенімді теріс нәтижемен аяқталды, барлық негізгі индекстер 2,17%-дан (NASDAQ Composite индексі) Dow Jones индексі (DJIA-30) бойынша 3%-ға дейін төмендеді (-2,92%). Америкалық нарықтың негізгі бенчмаркі S&P500 индексі аптаның соңында -2,36% төмендеді. Бұл процестен ITS индекстері де сырт қалған жоқ, онда ITS World (ITSW) жаһандық компаниялар индексі -3,06%, ал ITS Shariah (ITSS) исламдық қағаздар индексі -2,17% төмендеді.

Сала деңгейінде де жағдай аса сенімділік тудырмайды. 11 сектордың 10-ы апта соңында қызыл аймақта болды. Тек коммуналдық компаниялар ғана өсіп шықты, олардың орташа өсуі +1,07% болды. Ал, әсіресе Consumer Cyclical (-4,66%), Basic Materials (-4,63%) және Health Care (-4,5%) секторларында айтарлықтай төмендеу орын алды. Әсіресе медициналық компанияларға өкінішті. Мысалы, аптаның ең нашар көрсеткішін S&P500 индексіндегі Align Technology, Inc (ALGN) компаниясының акциялары көрсетті, олардың бағасы күңгірт болжамдар фонында 30%-дан астам төмендеп, апта ішінде компанияның капитализациясы -32,72% азайды.

Сондай-ақ шикізат секторында жұмыс істейтін компаниялар да зардап шекті. Әсіресе мыс нарығында жұмыс істейтіндерге сатылым ауыр тиді. Президент Трамптың мыс құбырлары мен мыс сымдарына 50 пайыздық тариф енгізу жоспары көптеген инвесторларды өз акцияларын сатуға итермеледі. Соның салдарынан Albemarle Corp (ALB) компаниясының нарықтық құны шамамен 20% (-19,81%) төмендеді, ал сала көшбасшысы Freeport-McMoRan Inc (FCX) 10%-дан астам (-10,19%) жоғалтты.

Осылай нарық төменге бағыт алды. Бірақ бұл құлдырау уақытша ма, әлде шынымен трендтің бұзылуына әкелетін қозғалыс па – әзірге нақты айту мүмкін емес. Сондықтан орта және ұзақ мерзімді инвесторлар үшін қазір қандай да бір күрделі әрекет жасауға негіз жоқ. Бір күндік сатылым – бұл әлі дабыл қағатын сәт емес. Дегенмен барынша сақ болу және қазіргі оқиғаларды мұқият бақылау қажет. Өйткені тамыз – қор нарығы үшін ең қауіпті айлардың бірі.

 

Индекс\тикер

Баға белгіленімі

Өзгеріс %

DJIA (DJI)

43 588,6

-1,23

S&P500 (SPX)

6 238,01

-1,60

NASDAQ Comp. (IXIC)

20 650,1

-2,24

ITS WORLD (ITSW)

1 341,38

-1,15

ITS Shariah (ITSS)

1 326,14

-1,48

 

4 тамылға нарық болжамдары

Дүйсенбі таңы жұма кешіндегі жағдаймен салыстырғанда әлдеқайда көңілді көрінеді. Инвесторлар еңбек нарығына қатысты жұма күнгі күйзелісті дер кезінде «қорытып», жағдайдың соншалықты қорқынышты еместігін түсінді. Сондықтан шектен тыс уайымдауға негіз жоқ. Оған қоса америкалық жетекші компаниялардың кірістері бизнестің әлі де өзін жақсы сезініп тұрғанын айғақтайды. Қазіргі таңда S&P 500 индексіне кіретін компаниялардың жартысынан көбі есеп беріп үлгерді, ал жылдық есептеу бойынша екінші тоқсандағы табыс өсімі 9,8% деңгейінде күтілуде. Бұл 1 шілдедегі болжаммен салыстырғанда (5,8%) әлдеқайда жоғары (LSEG деректеріне сүйене отырып, Reuters хабарлайды). Есеп тапсырған компаниялардың 80%-дан астамы сарапшылардың пайдаға қатысты божамдарынан асып түсті, бұл соңғы төрт тоқсандағы орташа көрсеткіш – 76%-бен салыстырғанда айтарлықтай жоғары.

Осы себепті демалыс күндері нарық қатысушыларының көңіл-күйі едәуір жақсарды. Нәтижесінде дүйсенбі күні таңертеңгі саудада негізгі америкалық индекстер бойынша фьючерстер сенімді түрде жасыл аймақта тұр және жұма күнгі жабылумен салыстырғанда жарты пайыздан астам өсімді көрсетуде.

Жалпы алғанда алдағы апта салыстырмалы түрде тыныш өтуі тиіс. Себебі аса маңызды макроэкономикалық деректер жарияланбайды, ал корпоративтік есеп беру маусымы біртіндеп өз логикалық қорытындысына жақындай бастайды. Сонымен қатар дәл қазір қызып тұрған демалыс маусымы да нарық белсенділігіне өз әсерін тигізеді. Сол себепті нарық қатысушылары үшін негізгі қысым көзі – экономикалық емес, саяси сипаттағы сыртқы факторлар болуы мүмкін. Ақ үйден келетін жаңалықтар мен сауда соғысы майданынан жеткен ақпараттар акциялар бағамына ықпал етеді. Тек бұл жаңалықтар ағыны тым қарқынды болып кетпейді деп үміттенеміз. Жұма күнгі күйзелістен кейін нарыққа тыныс алып, жағдайды жан-жақты бағамдап, алдағы қозғалыс бағытын анықтауға уақыт керек.

Ал жоспарлы жаңалықтар, әдеттегідей, жетекші америкалық компаниялардың есептерімен қатар жүреді. Бұлар әлі де аз болмайды. Дүйсенбі күні сауда сессиясы аяқталғаннан кейін, осы және өткен жылдың «супержұлдызы» саналатын компания – Palantir Technologies Inc (PLTR) өз есебін жариялайды. Айта кетейік, бұл компанияның акциялары 2025 жылдың басынан бері 100%-дан астам өскен.

Сейсенбі күні сауда сессиясы басталмай тұрып, өнеркәсіп алыбы Caterpillar (CAT) мен жаһандық фармацевтикалық гигант Pfizer (PFE) компаниялары өз есебін жариялайды. Ал кешкі уақытта технологиялық көшбасшылардың бірі – Advanced Micro Devices (AMD) компаниясының нәтижелеріне назар аудару керек болады.

Сонымен қатар гамбургерлер патшасы атанған McDonald’s (MCD), медиагигант Walt Disney Co (DIS), сондай-ақ фармацевтикалық мейджорлар Lilly (Eli) & Co (LLY) мен Gilead Sciences, Inc. (GILD) компаниялары да қаржылық есебін ұсынғалы отыр.

Қысқасы, демалысқа шықпаған инвесторлар мен нарық бақылаушылары үшін бұл аптада еріксіз бос уақыт табылмайды. Іш пыстырарлық болмасы анық.

Тек өткен жұмадағы қорқынышты жағдай қайталанбай, апта барысы қалыпты әрі оң үрдісте өрбиді деп үміттенеміз.