Naryk.kz: ITS биржасындағы ETF қорлары жарты жылда 10,8% өсті

ITS халықаралық сауда алаңы өзінің жеке индекстеріне негізделген ETF қорларының нәтижелерін қорытындылады. ITS World ETF (тикер: ITSW) және ITS Shariah ETF (тикер: ITSS) биржалық қорлары 2025 жылдың алғашқы алты айында табыстылық бойынша әлемдік негізгі индекстерден асып түсті.

АҚШ-та листингтен өткен 50 өтімді акциядан тұратын индексті бақылайтын ITSW жыл басынан бері 10,78% өсті, ал 2024 жылдың қарашасында сауда-саттық басталғаннан бері 13%-дан астам өскен. Инвесторлардың белсенділігі жоғары деңгейде қалып отыр: 75% инвесторлар ETF-тағы позицияларын сақтап отыр. Орташа чек – 85 $, жартыжылдық сауда көлемі – 13 млн $, қордың таза активтерінің құны – 5,67 млн $.

2025 жылдың қаңтарынан бастап 7,18% өскен ITSS қоры – аймақтағы алғашқы исламдық ETF. Қор шариғат принциптеріне сәйкес келетін 30 компаниядан тұратын ITS Shariah индексін қадағалайды. Қордың таза активтерінің құны – 5,36 млн $, сауда көлемі – 8,39 млн $, орташа чек – 129 $. Инвесторлардың 78%-дан астамы өз позицияларын сақтап қалуда немесе ұлғайтуда.

Осы кезеңде S&P 500 және Nasdaq Composite индекстері тиісінше 5,50% және 5,48%, ал NYSE – 6,98% өсті.

"ETF қорларымыз құбылмалылық жағдайында да өсім көрсетіп отыр. Біз ITS World ETF-ке де, шариғат қорына да тұрақты қызығушылықты байқап отырмыз. Бұл аймақтағы исламдық қаржының дамуы үшін маңызды қадам болып отыр", – деді ITS басқарушы директоры Александр Диаковский.

ITSW және ITSS қорлары ITS-тің қолжетімді инвестициялық инфрақұрылым құру стратегиясының бір бөлігіне айналды. Олар қаржылық сауаттылықты дамытуға үлес қосып, инвесторларға жаһандық нарықтағы тұрақсыздық жағдайында да тиімді құралдар ұсынуда.

 

(с) Naryk.kz