Naryk.kz: ITS World индексі 2024 жылы 18,9% өсті

ITS халықаралық сауда алаңының өзіндік индекстері – ITS World және ITS Shariah индекстері 2024 жылы тұрақты өсім көрсетіп, әлемдік экономика мен қаржы нарығының тұрақсыз жағдайында көптеген бәсекелестерден озып шығып, инвестициялық бенчмарк ретіндегі мәртебесін растады. Бұл туралы сауда алаңының баспасөз қызметі хабарлайды.

Әлемнің жетекші 50 компаниясының акцияларынан құралған ITS World индексі 2024 жылы 18,9% өсім көрсетті, ал индекстің жалпы кірісі, қайта инвестицияланған дивидендтерді қоса алғанда, жылдық 20,3% құрады. Индекс құрамындағы NVIDIA (+171,2%), Spotify (+138,4%) және Broadcom (+107,9%) компаниялары технологиялық сектордағы жылдам өсу арқасында өсімнің көшбасшылары болды.

Шариғат принциптеріне сай келетін халықаралық компаниялардың 30 акциясынан тұратын ITS Shariah индексі төленген дивидендтерді ескере отырып, жалпы кірісті 19,3% құрады.

ITS-тің 2024 жылдағы негізгі жетістігі – Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы алғашқы ITS әлемдік индексіне негізделген ETF-ті іске қосу болды. Жақын арада ITS ITS Shariah индексіне байланысты ETF акцияларымен сауда жасауды бастауды жоспарлап отыр.

«ITS World және ITS Shariah индекстерінің динамикасы олардың бәсекеге қабілеттілігін және жоғары кіріс алу мүмкіндігін растайды. Енді ITS-те ETF саудасы басталғандықтан, инвесторлар индекстердің өсуінен оңай кіріс ала алады, олардың динамикасы әлемдік нарықтағы көптеген бәсекелестерден озып түседі», – деп атап өтті ITS бас директоры Шыңғыс Қанапьянов.

 

Naryk.kz