2025 жылғы 26 ақпандағы сауда-саттықтың қорытындысы
Өткен сәрсенбідегі сауда-саттық күні толығымен NVidia (NVDA,+3,67%) және оның алдағы уақытта шығатын қаржылық есептілігіне байланысты болды. Нарыққа қатысушыларды осы ғана қызықтырды. Олар жылжымайтын мүлік нарығы бойынша жарияланған деректердің көңіл көншітерлік емес екенін – жаңа құрылыс салуға рұқсат және қаңтарда жаңа үйлердің сатылуы туралы деректер болжанғаннан нашар шыққанын елемеді. Бірақ олар президент Трамп жақында чип импортына 25 пайыз тариф енгізуі мүмкін деген жаңалыққа баса назар аударып мазасы кетті, өйткені бұл NVDA үшін негізгі чип өндіруші болып табылатын Taiwan Semiconductor Manufacturing (TSM) зауыттарынан жеткізілетін өнімдерге тікелей әсер етеді.
Міне осындай жаңалықтар толқынымен тербелген индекстерің баға белгілімдері кеше біресе өсті, біресе құлдырады: алдымен инвесторлардың NVDA есептілігі жақсы шығатын деген үмітінің әсерімен қарыштап көтерілсе, содан кейін Ақ Үйден жағымсыз жаңалық жеткенде құлдилап төменге кетті. Дегенмен, NVDA акцияларының баға белгіленімі күні бойы жақсы плюсте болды, бұл нарыққа қатысушылардың көпшілігі бәрі жақсы болатынына сенімді екенін аңғартты.
Сайып келгенде, кеше бұл «у-шу» басталған жерінде, яғни нөл белгісінде аяқталды да. Dow Jones (DJIA-30) индексі аздап -0,43% жоғалтты, бұған негізінен әрқайсысы капиталдандануының 3% жоғалтқан Boeing (BA,-2,93%) және Amgen (AMGN,-2,93%) әсер етті. NASDAQ Composite индексі, керісінше, аталмыш NVDA-ның арқасында сәл өсті (+0,26%). Ал, Америка нарығының негізгі бенчмаркы саналатын S&P500 индексі таза символдық +0,01% қосып орнынан қозғалған жоқ қосты.
ITS тобының индекстерінде де осыған ұқсас жағдай қалыптасты. Географиялық жағынан жақсы әртараптандырылған ITS World (ITSW) жаһандық нарық индексінің жағдайы негізінен қытай компаниялары акцияларының, сондай-ақ NVDA және Broadcom (AVGO,+5,13%) сияқты «жолдастарының» арқасында азды-көпті тәуір болды және күннің соңына қарай +0,90% белгісінде тоқтап сенімді плюс көрсетті. Осы орайда, екінші күн қатарынан осы индекстің үздігі осы күндері капиталдануына 25% дерлік қосқан Қытайдың автомобиль жасаушы алыбы Auto (LI,+10,30%) акциялары болды.
ITS Shariah (ITS) исламдық бағалы қағаздар индексі туралы айтатын болсақ, мұнда NVDA және AVGO компаниялары акцияларының өсуі соңғы күндері бәрінен де көп сәтсіздікке ұшыраған Tesla компаниясы (TSLA, -3,96%) акцияларының баға белгіленімдерінің төмендеуімен тегістелді. Соңғы аптада ғана Илон Маск компаниясының шығыны 20%-дан асты және инвесторлардың көңіл-күйіне қарағанда, құлдыраудың көкесі әлі алда. Сондықтан жақын арада Маск немен шұғылданатынын – өзін саясатқа немесе тез құнсызданып бара жатқан бизнесін сақтап қалуға арнайтынын таңдауы керек болатын сияқты. Ал, Tesla акциялары сияқты зәкірдің салмағымен жүрісі баяулап жатқан кеме – ITSS индексінің өзі де әзірге плюске шыға алмай, кешегі күнді болмашы ғана -0,13% шығынмен аяқтады.
Аздап плюс, аздап минус. Бірақ негізінен нарықтағы жағдай өзгеріссіз тұр. Нарық құлдырауға дайын емес және бұған нақты себеп те жоқ. Бірақ солай болғанымен, оның өсуге де күші жоқ – позитив атаулы баға белгіленіміне ғана байланысты сияқты. Демек, қазіргі тоқырау негізгі инвестициялық идея болып тұр, сондықтан нарықтан бұдан артық ештеңе күтудің қажеті жоқ шығар.