ITS тобының индекстері: 2024 жылғы қараша – 2025 жылғы қаңтардың қорытындысы

ITS тобының индекстері: 2024 жылғы қараша – 2025 жылғы қаңтардың қорытындысы

Индекстің/активтің атауы

01.11.2024ж. баға белгіленімі

01.02.2025 ж. баға белгіленімі

Кезеңдегі өзгеріс (%)

ITSW

1194,94

1265,43

5,9

ITSS

1162,55

1240,76

6,73

KASE индексі

5213,5

5644,41

8,27* (+3,19%, $)

AIX Qazaq index

1427,42

1538,9

7,81*

(+1,71%, $)

1 USD қатысты теңгенің бағамы

488,92

517,98

5,94

Dow Jones Industrial Average

42052,19

44544,66

5,93

S&P500

5728,81

6040,52

5,44

NASDAQ Composite

18 095,15

19 527,44

8,47

FTSE 100 (Ұлыбритания)

8 177,15

8 673,96

6,08

DAX 30 (Германия)

19 254,97

21 732,05

12,86

Euro Stoxx 600

510,91

539,54

5,6

Nikkei 225 (Жапония)

39 081,25

38 520,09

-1,44

Нang Seng index (Гонконг)

20 506,44

20225,12

-1,37

Shanghai Composite (Қытай)

3 640,29

3 633,59

-0,18%

S&P BSE Sensex index (Үндістан)

79 724,12

77 505,96

-2,78

Gold

2 735,80

2 797,46

2,27

3 айға АҚШ долларымен салынатын депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеме

  

жылдық 1%

3 айға теңгемен салынатын депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеме

  

жылдық 16%

*KASE және AIX Qazaq индекстері теңгемен көрсетілген активтердің негізінде есептеледі

 

1. Әлемдік қаржы нарығының негізгі көрсеткіштерінің фонындағы ITS тобының индекстері

Егер ITS тобының индекстері – ITS World (ITSW) жаһандық нарық индексінің және ITS Shariah (ITS) исламдық бағалы қағаздар индексінің серпініне қарайтын және олардың табыстылығын АҚШ, Еуропа мен Азиядағы ұқсас көрсеткіштермен салыстыратын болсақ, екі индекстің де сенімді түрде көш бастап тұрғанын және бәсекелестерінен еш кем түспейтінін көреміз.

Неліктен 2024 жылғы 1 қарашадан 2025 жылғы 1 ақпанға дейінгі кезең таңдалды? Өйткені 2024 жылғы 8 қарашада ITSW индексіне енгізілген акциялар портфелінің негізінде қалыптастырылған ETF-те акциялардың сауда-саттығы басталды. Ал 2025 жылғы 14 қаңтарда ITS Shariah (ITSS) исламдық бағалы қағаздар индексіне кіретін акциялар портфеліне негізделген Орталық Азиядағы бірінші исламдық ETF акцияларының сауда-саттығы басталды. Сондықтан индекстердің өзі ғана емес, сонымен қатар осы индекстердің негізі болып табылатын іс жүзіндегі ETF акциялары белсенді түрде сауда-саттыққа салынатын осы кезеңнің алғашқы нәтижесін қорытындылау, әлбетте, қызықты.

Егер ITS тобы индекстерінің табыстылығын тұтастай алғанда негізгі әлемдік индекстердің табыстылығымен салыстыратын болсақ, оның (табыстылықтың) еш кем түспейтінін және тіпті орташа көрсеткіштерден асатынын көреміз. Ал ITSS исламдық бағалы қағаздар индексі бойынша табыстылық 3-ші орында тұр және одан немістің DAX индексі мен американдық NASDAQ Composite индексінің көрсеткіштері ғана басым.

ITSW жаһандық нарық индексінің табыстылығы ITSS индексімен салыстырғанда сәл төмендеу. Бірақ іс жүзінде ол негізгі жаһандық және ең алдымен екі американдық бенчмарк – Dow Jones (DJIA-30) индексі мен S&P500 кең нарықтық индексінің табыстылығынан жоғары.

ITSW және ITSS индекстерін қазақстандық әріптестері – KASE биржасында (KASE индексі) және AIX биржасында (AIX Qazaq index) есептелетін индекстермен салыстыруға келетін болсақ, жоғарыда аталған биржалардың индекстері табыстылығы жағынан ITS тобының индекстерінен алда тұрған сияқты. Алайда бұл жерде KASE және AIX биржаларының индекстері Қазақстан теңгесімен көрсетілген Қазақстанның бағалы қағаздарының негізінде есептелетінін, ал ITS тобының индекстері АҚШ долларымен көрсетілген шетелдік бағалы қағаздардың негізінде есептелетінін ескеру қажет. Демек, KASE және AIX биржалары индекстерінің табыстылығы – теңгедегі табыстылық, ал ITS тобының индекстерінің кірістілігі – доллардағы табыстылық. Сондықтан егер теңгенің девальвациясын ескеріп, KASE және AIX индекстерінің табыстылығын қайта есептейтін болсақ, онда олардың доллармен есептегендегі табыстылығы, сәйкесінше, KASE индексі үшін +3,19% және AIX Qazaq index индексі үшін +1,71% болады, бұл ITS индекстерінің табыстылығынан әлдеқайда аз.

 

2. ITS индекстері өсуінің негізгі драйверлері

Компанияның атауы

Тикер

3 айдағы табыстылығы

(%)

Spotify Technology

SPOT

43,02

Broadcom

AVGO

26,43

Tesla

TSLA

25,13

Boeing

BA

22,29

Meta Platforms

META

20,36

Amazon

AMZN

13,88

ITS индекстерінде және негізінен барлық басқа әлемдік индекстердегі шолу жасалып отырған кезеңдегі өсудің негізгі драйверлері, ең алдымен, жүзеге асыратын қызметі бұлтты технологиялар саласындағы қызметтерді әзірлеуге, енгізуге, сатуға және жасанды интеллектіні пайдалана отырып үлкен дерекқорлармен (big data) жұмыс істеуге байланысты жетекші технологиялық компаниялардың акциялары болды. Сонымен қатар индекстердің өсуіне Tesla (TSLA) акциялары үлкен үлес қосты, өйткені соңғы айларда әлемдік нарықта оларға сұраныс Илон Масктың АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трампқа жақындығына байланысты өте жоғары болды. Бұл екі индекстің де табыстылығын анықтайтын жалпы жағдай.

Бірақ сонымен бірге индекстердің осы кезеңде табыстылығы ең жақсы болған жеке жұлдыздары да бар. Айталық, ITSW жаһандық нарық индексінде Spotify Technology (SPOT) стримингтік музыкалық сервисінің акциялары 1 қарашадан 1 ақпанға дейін 43%-ға қымбаттап, ең жоғары табыстылыққа жетті! Ал ITSS исламдық бағалы қағаздар индексінде дәл осы кезеңдегі ең жақсы нәтижені жетекші чип өндірушілердің бірі – Broadcom (AVGO) компаниясының акциялары көрсетті, 3 айда олардың капиталдануына 26,43% қосылды.

 

3. ITS индекстерінің портфельдерін жоспарлы қайта теңгерімдеу

Ақпан айының басында индекс портфельдерін қалыптастыру ережесіне сәйкес оларды жоспарлы түрде қайта теңгерімдеу жүзеге асырылады. ITS Shariah (ITSS) исламдық бағалы қағаздар портфелі ай сайынғы негізде, ал ITS World (ITSW) жаһандық нарық портфелі тоқсанына бір рет қайта теңгеріледі. Ақпанның басында екі индекстің де портфельдерін қайта теңгерімдейтін уақыт келді. Нәтижесінде ITSS индексінде екі акция, ал ITSW индексінде үш акция ауыстырылды.

                              

ITSW индексі

Компанияның атауы

Тикер

Индекске кіргізілді

Индекстен шығарылды

Индекстегі үлесі

(%)

Әлеуетті табыстылығы

Costco Wholesale

COST

+

 

0,60

1%

Garmin Ltd.

GRMN

+

 

0,66

-20%

Wix.com

WIX

+

 

0,36

10%

Korea Electric Power

KEP

 

+

 

 

Procter & Gamble

PG

 

+

 

 

Stellantis

STLA

 

+

 

 

 

ITSS индексі

Компанияның атауы

Тикер

Индекске кіргізілді

Индекстен шығарылды

Индекстегі үлесі

(%)

Әлеуетті табыстылығы

Qualcomm

QCOM

+

 

1,26

18%

Caterpillar

CAT

+

 

1,26

6,3%

T-Mobile

TMUS

 

+

 

 

Intuit Inc.

INTU

 

+

 

 

 

4. Акциялары индекс портфельдеріне кіргізілген компаниялардың сипаттамасы

Qualcomm (QCOM)

Qualcomm (QCOM) компаниясы – әлемдегі жетекші чипмейкерлердің бірі. Компанияның жасаған чиптері көптеген мобильді құрылғыларда тұр, ал компанияның өзі ең әуелі Apple компаниясымен ынтымақтастық құрғанымен танымал, оның смартфондарына салынатын QCOM чиптерінң саны 8-ге жетеді. Компания тұрақты түрде жақсы пайда алады және оның соңғы 5 жылдағы орташа жылдық табыстылығы 15 пайыздан асады. Басқасына қоса, компания өзінің акционерлеріне жақсы дивиденд төлейді, қазіргі уақытта ол 2% жетеді. 2024 жылдың 4-ші тоқсанының соңғы есептілігі бойынша компанияның пайдасы да, кірісі де сарапшылардың күткенінен жоғары болды және жыл басынан бері оның акцияларының құны 10%-дан астамға өсті.

Тәуекелге келетін болсақ, QCOM үшін негізгілері, біріншіден, Apple компаниясының өзі өндірген чиптерге көшуіне және, екіншіден, Қытайда Huawei компаниясының нарықтағы үлесінің артуына байланысты, өйткені бұл QCOM компаниясының негізгі клиенттеріне қауіп төндіруі мүмкін. Дегенмен, талдампаздардың көпшілігі бұл тәуекелді аса маңызды деп есептемейді және компания акцияларының бағасының өсу әлеуеті 18% деп оның өсу динамикасы бойынша оң болжам жасап отыр.

 

Caterpillar (CAT)

Caterpillar (CAT) – бүкіл әлемге әйгілі жол және құрылыс техникасын әзірлеуші, өндіруші және жеткізуші. Caterpillar компаниясы – бұл әлемдік ауқымдағы өнеркәсіптік жабдықтың қуатты, классикалық өндірушісі. Компанияның өнімдерін әлемнің кез келген жерінде кездестіруге болады. Сондықтан компанияның бизнесі – бұл ең алдымен аяғынан нық тұрған, орнықты бизнес.

Бірақ осыған орай компанияның акцияларының табыстылығы ұзақ мерзімді перспективада өте жоғары болады деп күтпеген жөн. Дегенмен компания акцияларының соңғы 10 жылдағы табыстылығы ауыз толтырып айтарлық – бұл кезеңде 250 пайыздан астам.

Компания акцияларының бағамдық құнының өзгеру серпіні көп жағдайда ағымдағы экономикалық циклге байланысты болады, сондықтан ұзақ мерзімді инвестиция салу мақсатында акцияларды бағалау кезінде дәл осыған назар аудару қажет. Қазіргі уақытта Caterpillar акцияларының әлеуетті табыстылығының бағасы үлкен емес, 6%-дан сәл жоғары. Дегенмен, жаһандық экономика қарқынының өсуімен бұл компанияның акцияларының баға белгіленімі тезірек өседі деп болжауға болады.

 

Costco Wholesale (COST)

Costco – керемет бизнес. Бөлшек сауда әрқашан және барлық жерде тамаша бизнес екені анық. Бірақ бұл бизнесті барлығы бірдей дұрыс жүргізе білмейді. Ал Costco компаниясының қолынан келеді. Ол әсіресе қазір, тұтынушылық табыс пен шығыс жоғары болып тұрған жағдайда бөлшек саудадағы сатылым шарықтаған кезде мұны мінсіз істеп жатыр.

Costco компаниясы негізінен аса ауқымды болуына байланысты зор экономикалық мүмкіндіктерге ие. Компанияның 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы таза сатылымының көлемі (24 қарашада аяқталды) 61 миллиард долларды құрады. Бұл қомақты сома, мұның арқасында ол үлкендігі жағынан әлемдегі үшінші ритейлер болып отыр.

Дегенмен, Costco компаниясының кәдімгі қоймасына барлығы бәсекелес супермаркеттерде бар заттардың бір бөлігін ғана құрайтын тауардың 4000 бірлігі сыятындықтан, компания орасан көп тауар сатып ала алады. Демек ол келіссөз кезінде өзінің жеткізушілеріне теңдесі жоқ әсер ету тетіктеріне ие болады. Қаражат қашанда төмен бағаның есебінен үнемделеді.

Сонымен бірге сатып алушыларды дүкендерге қайта баруға ынталандыру амалдары жасалады. Өйткені олар клубқа мүше болу және Costco дүкендеріне баруға құқық алу үшін жыл сайынғы жарна төлеуі керек. Бұл мүшелік жарналар да Costсo компаниясына айтарлықтай таза пайда әкеледі.

Мұны бір дүкендегі сатылымның тұрақты өсуі айғақтайды. Тіпті соңғы жылдары пандемия, инфляция қысымы және пайыз мөлшерлемесі жоғарылаған жағдайда Costco бұл көрсеткішті тұрақты түрде арттырып отырды.

Мұның бәрі компанияның жоғары пайдалылығын қалыпта сақтайды. Соңғы он жылдың ішінде, 2014 жылдан 2024 жылға дейінгі қаржы кезеңінде компанияның таза пайдасы 258%-ға өсті. Қаржылық көрсеткіштердің жоғары болуының арқасында компания басшылығының тұрақты төлемдерге қоса елеулі арнайы біржолғы дивиденд төлеуге мүмкіндігі бар. Талдампаздар компанияның бизнесін өте жоғары бағалайды, бірақ мақсатты баға қазір қайта қаралуда, бірақ қазір target price қайта қаралып жатыр, өйткені COST акцияларының өсуі бұрын мәлімделген мақсаттарға жетті және инвесторлар жаңа баға мен жаңа мақсаттарды күту үстінде.

 

Garmin (GRMN)

Канзас штатының Олате қаласында орналасқан Garmin Ltd. (GRMN) компаниясы жаһандық позициялау жүйесі (GPS) технологиясын пайдаланатын бірегей навигациялық және коммуникациялық жабдықты өндіруші. Компания көп жыл бойы табысты дамып келеді, ал оның шығарған өнімдері іс жүзінде бүкіл әлемде таралған. Соңғы жылдары компания ақша ағынының шамамен 10% деңгейінде тұрақты жылдық өсуін қамтамасыз етті. Мұның арқасында соңғы екі жылда ғана оның акциялары 175 пайызға қымбаттады. Оның соңғы тоқсандық есептілігінің деректері бойынша бір акцияға шаққандағы пайда болжамнан 37% асып түсті, ал кіріс күткеннен 10 % жоғары болды.

Компания табыспен дамып келе жатыр және жекелеген салаларда (мысалы, шағын кемелерге арналған теңіз және өзен навигациясы) іс жүзінде монополиялық жағдайға ие.

Компания акцияларының баға белгіленімінің тез өсіп жатқаны сонша, талдампаздар көп жағдайда өздерінің target price-тарын қайта қарауға және өзгертуге үлгермей жатады. Қазіргі уақытта компанияның ымыралы target price шамасы ағымдағы бағадан көп артта қалды және қайта қаралып жатыр.

 

Wix.com (WIX)

Wix.com – бұл күрделілігі кез келген сайттарды өз бетінше жасауға арналған танымал израильдік платформа. Компанияның өзі мәлімдеп отырғандай, толық функционалды сайт жасау кез келген адамның – ​​сарапшының да, мұны алғаш рет істемек болып отырған адамның да қолынан келеді. Wix.com сайтында тегін сайтты екі тәсілмен: барлығын дерлік істеуге мүмкіндік беретін, бірақ аздап күш-жігер салуды қажет ететін Wix редакторында немесе жасанды интеллектісі бір-екі секунд ішінде дизайн мен мазмұнның бірнеше дайын нұсқасын ұсынатын ADI ортасында жасауға болады. Компанияның басты ерекшелігі де осында – ол кіріктірілген жасанды интеллектісі бар бағдарламалар мен өнімдерді белсенді пайдаланады. Компания өзінің орнын тапты және оған сыртқы инвесторлар барған сайын көбірек назар аударып отыр.

Олардың қызығушылығының артуы компания акцияларының баға белгіленіміне де әсер етеді, олар міне 3 жылға жуық уақыт бойы сенімді түрде өсіп келе жатыр және осы кезеңде бағасы шамамен 2,7 есе қымбаттады.

Осындай қарқынды өсіміне қарамастан, көптеген сарапшының пікірінше, бұл өсім әлі де тоқтамайды. Ағымдағы баға деңгейінен 10% жоғары белгіленген компанияның target price көрсеткіші осыны айғақтап отыр.