2025 жылдың 1 шілдесіндегі сауда қорытындылары
Өсімнің де шегі бар. Бұл қағиданың айқын дәлелі – сейсенбі күнгі сауда-саттықтың қорытындысы. S&P 500 индексі қатарынан екі күн, ал жоғары технологиялық компаниялар индексі NASDAQ Composite жеті күн бойы рекорд жаңартқаннан кейін, бір сәтте болса да кідіріс болатыны анық еді – бұл кідіріс сейсенбіде орын алды. Дегенмен нарықта күрт құлдырауға негіз болар нақты себеп те болған жоқ, сондықтан инвесторлар «аялдау» үшін алғашқы сылтауды да пайдаланды.
Бұл сылтау Илон Маск пен президент Дональд Трамп арасындағы кезекті келіспеушілік болды. Соның салдарынан Tesla (TSLA) акциялары 101-ші рет жаппай сатылымға ұшырап, бір күнде 5,34%-ға арзандап, S&P 500 индексіндегі ең көп құн жоғалтқан қағаздардың қатарына енді. Кезекті пікірталаста Илон Маск салықтар мен шығыстарға қатысты президенттік заң жобасына бағытталған сынын күшейтті. Ал Трамп, өз кезегінде, Маск Трамп әкімшілігінің алғашқы кезеңінде басқарған Үкімет тиімділігі департаментіне Tesla мен SpaceX компанияларына берілген кез келген федералды гранттардың негізділігін қайта қарауды ұсынды. Соның салдарынан электромобиль өндірушісінің инвесторлары Tesla компаниясының автономды жүргізу жобасын жүзеге асыруына қазіргі кезде Маск пен Трамп арасындағы шиеленістің қайта өршуі кедергі келтіруі мүмкін деп алаңдаушылық білдірді.
Бұл мәселе тек Tesla компаниясына ғана қатысты болса бір жөн еді. Алайда Tesla-ның нарықтағы салмағы соншалық, бұл жағдай бүкіл ірі технологиялық компанияларға әсер етіп, сайып келгенде, биржалық «аюлардың» қысымына тұтас нарық ілікті. Әрине, бұл жағдайды жаппай құлдырау деп атауға келмейді. Бірақ жағымсыз әсер қалдырғаны анық, әрі бұл жалпы нарықтың әрекетінен де байқалды. Соның нәтижесінде ең көп шығынды NASDAQ Composite индексі шекті – ол 0,82%-ға төмендеді. Ал АҚШ-тың негізгі индикаторы саналатын S&P 500 индексі тек аздаған «үреймен» шектеліп, символикалық қана – 0,11%-ға төмендеді.
Сейсенбідегі «жарқын нүкте» Dow Jones индексі болды – ол 0,91%-ға өсіп, жақсы нәтижеге қол жеткізді. Бұған үш компания себепкер болды: медициналық сектордағы UnitedHealth Group Inc (UNH) пен Amgen (AMGN), сондай-ақ Sherwin-Williams Co (SHW) – химиялық жабындар мен ағаш өнімдерін шығаратын өнеркәсіптік компания. Бұл компаниялардың акциялары 3–4% аралығында өсті. Dow Jones индексінде баға орташа арифметикалық тәсілмен есептелетіндіктен, олардың өсімі индекстің жалпы көрсеткішіне айтарлықтай әсер етті. Егер осылай жалғаса берсе, Dow да жуырда өз рекордтарын жаңартады.
Сол себепті сейсенбі күнінің жалғыз «жарқын нүктесі» Dow Jones индексі (DJIA-30) болды – ол күнді шамамен 1 пайыздық өсіммен (+0,91%) аяқтады. Бұл көбіне «үш мықтының» – екі медициналық сектор өкілі Unitedhealth Group Inc (UNH) және Amgen (AMGN), сондай-ақ лак-бояу және ағаш өнімдерін шығаратын өнеркәсіп алыбы Sherwin-Williams Co (SHW) акцияларының айтарлықтай қымбаттауына байланысты. Аталған үш компанияның акциялары қымбат болғанымен қатар, олардың өсімі де елеулі (3–4%) болды. Ал Dow Jones индексі орташа арифметикалық тәсілмен есептелетіндіктен, бұл компаниялардың ықпалы индекс нәтижесіне айтарлықтай әсер етті. Осылайша, Dow Jones өткен сауда күнін оң көрсеткішпен аяқтады. Тағы сәл ғана өсім болса, бұл индикатор да S&P500 мен NASDAQ секілді рекордтық көрсеткіштерін жаңартуы мүмкін еді.
Рекордтық көрсеткіштерінен сәл шегінгеннен кейін, сейсенбі күнгі сауда нәтижелері бойынша ITS индекс тобы да шамалы шығынға ұшырады. Әлемдік компанияларды қамтитын ITS World (ITSW) индексі - 0,27% төмендесе, ITS Shariah (ITSS) исламдық қағаздар индексі біршама көп жоғалтып, -0,61% құрады.
Сонымен қатар,ITSS индексінде жетекші фармацевтикалық компаниялар – Merck & Co Inc (MRK), AbbVie (ABBV) және AstraZeneca (AZN) акциялары ең жақсы көрсеткіш көрсетті. Жалпы алғанда, медициналық және фармацевтикалық сектор акцияларының жағдайы жақсы болды. Күн қорытындысы бойынша, Healthcare өсім жағынан екінші орынды иеленіп, тек шикізат секторынан (Basic Materials) ғана кейін қалды. Осы екі сектор ғана күндік өсімді 1 пайыздан жоғары көрсетті: шикізат компаниялары үшін +1,4%, ал медициналық компаниялар үшін +1,06%. Бұл оң көрсеткіш, себебі соңғы айларда медицина саласы айтарлықтай артта қалған еді. Өткен тоқсан қорытындысы бойынша да бұл сектор орта есеппен -3,6% шығынмен тоқсанды аяқтаған еді. Ал ең нашар нәтиже көрсеткен – мұнай-газ компанияларының акциялары болды, олардың тоқсандық шығыны -5,4%-дан асты. Енді бұл акциялар да бұрынғы позицияларына оралу жолында.
Жалпы алғанда, сейсенбі күнгі сауда күні қалыпты өтті, ал рекордтық деңгейлерге жеткеннен кейінгі бұл кідіріс – қалыпты құбылыс және нарықтағы қазіргі даму жоспарына толығымен сай келеді.