2025 жылғы 28 мамырдағы сауда-саттықтың қорытындысы
Таңданарлық болса, да, сәрсенбі күнгі сауда-саттық сарапшылар мен инвесторлардың үмітін толық ақтады. Нарыққа қатысушылардың осы сәрсенбіден аса үміт күтпегені бөлек әңгіме. Алаңдаушылық туғызатын нақты себеп «минуттықтың» - АҚШ ФРЖ FOMC мамыр айындағы соңғы отырысы Хаттамаларының шығуы ғана болды. Бірақ бұл оқиға да елеусіз өтті деуге болады, өйткені бұл хаттамалар баршаға онсыз да мәлім нәрсе – қазіргі уақытта өз пікірі жоқ FOMC мүшелерінің қырсыз екендігін растады.
«Ақша-кредит саясатының перспективасын қарастыра отырып, қатысушылар экономиканың өсуі мен еңбек нарығының бұрынғыдай орнықты, ал қазіргі ақша-кредит саясатының қалыпты шектеуші сипатта екендігін ескергенде, Комитеттің инфляция және экономикалық белсенділік перспективасы анығырақ болғанға дейін тиімді жағдайда екендігімен келісті», — деп жазылған хаттамада. Басқаша айтқанда, ФРЖ жағдайы жақсы, сондықтан бұл тұжырым «Сен тимесең мен тимен, бадыраң көз» дегенге келіп саяды.
Міне осындай жағдайда сәрсенбіде өз ойынын ойнаған нарыққа қатысушылар бір күн бұрынғы жақсы өсуден кейін мүлде ешқайда асыққан жоқ. Жетекші американдық индекстердің барлығы сауда сессиясы бойы «не де болса» деп кішігірім минуста отырды. Ең соңында ғана, дәлірек айтсақ, финалдық гонг соғылардан жарты сағат бұрын барын салған биржа алып-сатарлары баға белгіленімдерін аздап төмендетті, сөйтіп күн жабыларда индекстер 0,6%-дан жоғалтты. «Ерлікпен шайқасқа түскен» NASDAQ Composite жоғары технологиялы компаниялар индексінің шығыны ғана азырақ болды – 0,51%. Көп жағынан ол жағдайы басқалардан жақсырақ болған қос компания – Broadcom (AVGO,+1,60%) және Oracle Corp (ORCL,+1,20%) акцияларының арқасында қатты құлдыраудан аман қалды.
Айта кететіні, сауда сессиясы бойы NVidia (NVDA,-0,51%) акцияларының жағдайы әжептәуір көрінді: корпоративтік есептілігі шығатын кезде оларға инвесторлардың сұранысы болғаны анық. Дегенмен, сауда-саттықтың ең соңында нарыққа қатысушылардың кейбірінің жүйкесі тозған болу керек, олар NVDA қағаздарын жаппай сатуға кірісіп, пайдасын тиянақтай бастады. Бірақ мұнысы бекер болды! Өйткені финалдық гонг соғылған бойда жарияланған компанияның есептілігі сарапшылардың күткенінен жақсы шықты, сөйтіп постмаркетте акциялар тағы да 5% астамға өсті.
Сәрсенбідегі сауда-саттық қорытындысы бойынша ITS тобы индекстерінің жағдайы өте қызық болды. Бір жағынан, қос индекс күнді әр түрлі нәтижелермен аяқтады. ITS World (ITSW) жаһандық компаниялар индексі бір күнде -0,33% жоғалтса, ITS Shariah (ITSS) исламдық бағалы қағаздар индексі керісінше +0,37% қосты. Бірақ ең қызығы, ITSW индексінде бұл күнді плюспен аяқтаған акциялардың саны ITSS индексіндегі акциялардан көбірек болды. Соңғысында олардың саны – портфельдің құрамындағы 30 акцияның 6-ы. Дегенмен бұл 6 – жоғарыда аталған Broadcom (AVGO) және Oracle Corp (ORCL), сондай-ақ Texas Instruments Inc (TXN), Intuit (INTU) және Apple (AAPL) сияқты технологиялық сектордың алпауыттары. ITSS индексін кішігірім плюске шығарған да солар. Ал ITSW жаһандық компаниялар индексін сәрсенбі күні қытай компаниялары – ең алдымен JD.com Inc (JD,-2,95%) және Alibaba (BABA,-2,33%) төмен құлдыратып жіберді, сайып келгенде олар ITSW индексінің бұл күнді нөлден жоғары белгіде аяқтауына еш мүмкіндік бермеді.
Жалпы алғанда, сәрсенбі күні нарыққа қатысушылар қызу сауда-саттық жасауға құлшыныс таныта қойған жоқ, сондықтан бұл сауда тарихында қалмайтыны анық, көңілсіз, қызықсыз күн болып шықты. Дегенмен кейде дамылдап алу да керек.