Naryk.kz: ITSW индексі бір жылдан аз уақытта 30% өсті
Бір жылға жетпей, ITSW ETF халықаралық биржалық инвестициялық қор 30% долларлық табыс көрсетіп, әлемдік нарық индекстерін басып озды. Қордың бағамы ITS World флагмандық индексінің динамикасына байланған.
Мұндай нәтиже Астана халықаралық қаржы орталығының (AIFC) инвестицияларды салықтан босатқан қолайлы ережелерімен және қордың құрылымдық теңгерімімен байланысты. ITSW акциялары доллармен номинирленген, бұл шетел валютасындағы табыс іздеген, бірақ төмен депозиттік мөлшерлемелерге қанағаттанбайтын инвесторлар үшін тартымды құралға айналды.
ITS World индексі әлемнің жетекші 50 компаниясының акцияларынан тұрады. Олардың қатарында Kaspi.kz және ҚазМұнайГаз сынды қазақстандық эмитенттер де бар.
Индекс әр тоқсан сайын ребаланс жасалып, сала және аймақтық әртараптандырудың тепе-теңдігі сақталады. Бұл тәсіл инвесторларға тәуекел деңгейі төмен, тұрақты портфель ұсынуға мүмкіндік береді.
2024 жылдың қарашасында саудаға шыққаннан бері ITSW шамамен +30% табыс әкелді, ал биыл жыл басынан бергі өсім +25% деңгейінде болды.
Салыстыру үшін: MSCI World индексі – +17%; NASDAQ – +19%; FTSE 100 – +16%.
Осылайша, ITS World индексі бойынша қалыптасқан ETF өнімдері әлемдік нарықтың орташа өсімінен едәуір жоғары көрсеткішке жетті.
ITSW қорына қатысу үшін ірі капитал қажет емес: инвесторлар ITS биржасында шамамен 15 доллар бағамен акция сатып ала алады. Бұл оларға әлемдік компаниялардың мұқият іріктелген портфеліне қатысуға мүмкіндік береді.
«Мұндай портфельді өз бетімен құрастыру үшін ондаған мың доллар және күрделі нарықтық талдау қажет. ITSW-де бәрін математика басқарады — адам емес. Бұл инвесторға арзан әрі ыңғайлы», – деді ITS басқарушы директоры Александр Дьяковский.
© Naryk.kz