• ITSW
    • Фонд туралы
    • Құжаттар
    • FAQ
  • ITSS
    • Фонд туралы
    • Құжаттар
    • FAQ
  • ETF гиді
  • АҚШ акциялары
en|
ru|
kz
  • ITSW
  • ITSS
  • ETF гиді
  • АҚШ акциялары
en|
ru|
kz
Басқарушы компаниясының сайтыITS туралы толығырақ
Copyright © International Trading System Limited веб-сайтында жарияланған ақпарат және аналитикалық материалдарға барлық құқықтар Астана халықаралық қаржы орталығының заңнамасына сәйкес қорғалған. International Trading System Limited веб-сайтында жарияланған ақпаратты немесе оның бір бөлігін көшіру, тарату және басқа да пайдалану тек International Trading System Limited-тің алдын ала жазбаша келісімімен ғана рұқсат етіледі.
  • Главная
  • ETF жаңалықтар

2025 жылғы 13 мамырдағы сауда-саттықтың қорытындысы

14.05.2025 08:31

Сейсенбі күнгі сауда-саттықа жоспар бойынша өтті дерлік. Жоспардан сәл ғана алшақтауының себебі, кейбір нәрсе сарапшылардың болжағанынан өзгеше болды. Нарыққа қатысушылар АҚШ пен Қытайдың саудаға қатысты уағдаластыққа келгеніне қуанған дүйсенбі күнгі қарқынды және өте оптимистік сауда-саттықтан кейін, сейсенбіде көпшілік қауым негізгі сауда сессиясы басталардан бұрын жариялануы тиіс болған тұтынушылық инфляция туралы деректер (CPI индексі) жақсы шықса, осынау жағымды үрдіс сақталады деп болжаған еді. Расында да, CPI индексі талдаушылардың күткенінен сәл жақсырақ болып шықты да, инвесторлардың оптимистік көңіл-күйінің сақталуына ықпал етті. Бұл медицина және денсаулық сақтау секторынан басқа, барлық салада болған жағдай. Мұнда сонау өткен аптада басталған сатылым жалғасын тауып, Dow Jones (DJIA-30) индексін тереңге сүйреп әкетті. Оның «кіші жолдастары» – S&P500 және NASDAQ Composite индекстері әжептәуір өсіп, ақырында бір күннің ішінде қомақты деуге болатын +0,72% және +1,61% қосқан болса, Dow индексі -0,64% шығынға батты. Бірақ кейбір фармацевтика мейджорларының құлдырау көрсеткіші апатты болған жағдайда бұған да тәуба. Өйткені, мысалы, UnitedHealth (UNH) индексі капиталдануының 18% жуығын (-17,79%) жоғалтты, Merck (MRK) шығыны 5 пайызға (-4,72%), ал Johnson & Johnson (JNJ) 4 пайызға (-3,70%) жақындады.

Абырой болғанда, медицина және денсаулық сақтау секторында орын алған жағымсыз жағдай жалпы оң ахуалды бұзған жоқ, сөйтіп сейсенбі күнгі сауда-саттық рух көтерер ауанмен өтіп, инвесторлардың оптимизмін арттырғаны анық. Бұл оптимизм ETF акциялары саудаланғанда ITS тобының индекстерінен де көрініс тапты. Мәселен, ITS World (ITSW) жаһандық компаниялар индексі бір күннің ішінде 0,35% өсті, ал ITS Shariah (ITSS) исламдық бағалы қағаздар индексі NASDAQ Composite жоғары технологиялы компаниялар индексінің өсуімен салыстырарлық дірежеде жоғарылады: +1,54%.

Осы орайда екі индексте де ең жақсы нәтиже көрсетке бір компаниялардың акциялары еді. ТОП-3 сапына NVidia (NVDA,+5,56%), Broadcom (AVGO,+4,89%) акциялары және бұрынғы позициясын қарқынмен қалпына келтіруге кіріскен Tesla (TSLA,+4,87%) компаниясының акциялары кірді. Аталмыш үш технологиялық алып бүкіл нарықты арқалап, бұл міндетін абыроймен атқарды.

Сондықтан әзірге үстіміздегі апта сәтті басталды деп айтуымызға болады – инвесторлар бағалы қағаздарды сатып алып жатар, ал индекстер өз позицияларын қалпына келтіруде. Бұл ретте ITSW жаһандық компаниялар индексінің жағдайы бәрінен де жақсы болып көрінеді, себебі оның тарихи максимумына жетуі үшін бар болғаны 2 пайызға жуық өсуі керек. Осынау жағымды оқиға алдағы уақытта болады деп үміттемеміз.

 

Жаңалықтар тізіміне