Naryk.kz: ITS Shariah индексі төрт жаңа қағазбен толықты

ITS халықаралық сауда алаңы ETF Shariah негізінде жатқан өзінің ITS Shariah шариғат қор индексін (тикер: ITSS) жүйелі түрде қайта теңгеруді іске асырды.

"Қайта теңгеру нәтижесінде ITS Shariah индексінің құрамына ғылыми зерттеу және зертханалық жабдық саласының әлемдік көшбасшысы Thermo Fisher Scientific Inc. (TMO); электрлендіру мен декарбонизацияға басты көңіл аударатын энергетикалық шешімдердің ірі жеткізушісі General Electric Vernova Inc. (GEV); әлемдегі медициналық технологиялық жетекші компаниялардың бірі Stryker Corporation (SYK); және өмір туралы ғылымдар, диагностика, сондай-ақ экологиялық және қолданбалы технологиялар саласындағы шешімдерге маманданған жаһандық ғылыми-технологиялық компания Danaher Corporation (DHR) акциялары кірді", – делінген ITS хабарламасында.

Индекске осы төрт компанияның акцияларының енгізілуімен қатар, Intuit Inc. (INTU), AstraZeneca PLC (AZN), The Home Depot Inc. (HD) және NVIDIA Corporation (NVDA) бағалы қағаздары шығарылып тасталды. Sahih Invest компаниясының сертификатталған Шариғат сарапшылары жүргізетін тұрақты тәуелсіз мониторингтен кейін бұл акциялардың мәртебесі тыйым салынған деп өзгерді.

"Қайта теңгеру нәтижесінде ITS Shariah индексі сонымен қатар қалған компаниялардың, атап айтқанда жартылай өткізгіштер мен инфрақұрылымдық бағдарламалық жасақтамаға маманданған Американың технологиялық компаниясы Broadcom Inc. (AVGO); келісімшарт бойынша әлемдегі ең ірі микросхемалар өндіруші Taiwan Semiconductor Manufacturing Company Limited (TSM); және корпоративтік бағдарламалық жасақтама мен бұлттық шешімдер саласындағы әлемдік көшбасшы Oracle Corporation (ORCL) үлестерін арттырды", – делінген хабарламада.

Қайта теңгеру сонымен қатар қызметі мен қаржылық жағдайы AAOIFI (The Accounting and Auditing Organization for Islamic Financial Institutions) Исламдық қаржы институттарындағы Бухгалтерлік Есеп және Аудит жөніндегі Халықаралық Ұйымның өлшемшарттарына сәйкес келетін 30 халықаралық компанияның акцияларын біріктіретін индекстің құрамындағы басқа бағалы қағаздардың салмағын түзетті.

ITS Shariah құрамындағы компаниялардың акцияларын сертификатталған Sahih Investкомпаниясы іріктеп, күнделікті тәуелсіз мониторинг жүргізеді.

ITSS ETF акцияларының атаулы құны АҚШ долларымен көрсетілген. ITS алаңында сауда Астана уақытымен сағат 10:00-ден бастан келесі күнгі 03:45-ке дейін жүзеге асырылады. Сауда-саттықтың бірінші күнінен бастап ITSS ETF акцияларының өтімділігін бүкіл сауда сессиясы бойы маркет-мейкерлер қолдайды. ITSS ETF басқару бойынша қызмет көрсету құны жылына 0,5% мөлшерінде белгіленген.

Индекстің құрамы, нақты уақыттағы динамикасы, әдіснамасы және басқа да құжаттар ITS сайтында жарияланған.

ETF алаңындағы акциялар мен бағалы қағаздар тәуекелді активтер болып табылатынына инвесторлардың назарын аударамыз. Өткен күндегі табыстылық көрсеткіштері анықтама мақсатында ғана келтіріледі және болашаққа болжам болып табылмайды. ITS Shariah ETF акцияларының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін, бұл ITS Shariah себетіне кіретін бағалы қағаздар құнының динамикасын көрсетеді.

 

(с) Naryk.kz