2025 жылғы 21 қаңтардағы сауда қорытындылары
АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп қызметіне кіріскеннен кейінгі алғашқы сауда күні ондаған президенттік жарлықтардың қабылдануымен қатар жүрді. Әрине бұның бәрі нарық қатысушыларын алаңдатты. Десе де, бұл жарлықтар күтілгенен сәл жеңіл қабылданып, айтарлықтай ауыртпалық әкелген жоқ. Және дәл осы жағдай сейсенбі күнгі сауда үшін негізгі өсу драйверіне айналды.
Негізгі сауда сессиясы нөлге жақын деңгейде басталғанымен, жалпы нарықта жақсы көңіл-күй сезілді және уақыт өте келе күшейе түсті. Сауда барысында Трамп қайта-қайта жаңа жарлықтар жариялаумен болды, бірақ олардың басым бөлігі нарық қатысушыларымен оң көзқараста қабылданды.
Ақыры сауда сессиясы бойы байқалған тұрақты өсу үрдісінің нәтижесінде барлық индекстер күнді ең жоғары деңгейде аяқтады. Американдық жетекші индекстер арасында ең үлкен өсімді Dow Jones (DJIA-30) индексы көрсетті, ол +1,24% өсті. Оның ізбасарлары – S&P500 кең нарық индексі және жоғары технологиялық компаниялар индексі NASDAQ Composite 1%-ға жете алмай, сәйкесінше 0,88% және 0,64% өсті.
Керісінше ITS индекстері Dow-дан қалыспай, американдық жетекші индекстердің жасай алмағанын орындап – күнді 1%-дан жоғары өсіммен аяқтады. Және ITS World (ITSW) жаһандық нарық индексі мен ITS Shariah (ITSS) исламдық құнды қағаздар индексі сейсенбі күні бірдей 1,16%-ға өсті.
Екі индекстің де негізгі өсу драйвері Oracle Corp (ORCL, +7,17%) акциялары болды. Бұл акциялар сейсенбі күні Президент Трамптың TikTok-қа қойылған тыйымды алып тастап, оны қарапайым америкалықтарға қайтаруы туралы жарлығынан кейін ерекше жоғары сұранысқа ие болды. Oracle АҚШ-та TikTok-тың негізгі бұлттық провайдері болып табылады. Ал Apple (AAPL, -3,19%) сияқты компаниялар бұл мәселеде сақтық танытады. Бұл ретте iPhone өндірушісі TikTok қосымшасын App Store-да жүктеуді әлі де бұғаттап отыр, ал Oracle президенттің сөзіне сеніп, АҚШ-тағы миллиондаған қолданушы 40 қосымшадан тұратын шексіз ағынға қайта қол жеткізді.
Егер Oracle акциялары сейсенбі күні 7%-дан астам өсім көрсетсе, керісінше, Apple (AAPL) акциялары теріс аймақта қалды. Олар S&P500 жетекші америкалық индексінде де, сондай-ақ ITSW және ITSS индекстерінде ең көп табыс жоғалтқан акциялар ретінде тіркелді. Бұған тек App Store-дағы TikTok қосымшасының болмауы себеп болған жоқ, сонымен қатар Apple компаниясына қатысты Jefferies және Loop Capital сияқты жетекші аналитикалық орталықтардың берген теріс болжамдары себеп болды. Осы екі компанияның сарапшылары Apple акцияларының сату көлеміне қатысты болжамдарын төмендетіп, акциялардың мақсатты бағасын (target price) қайта қарап шықты. Мәселен, Jefferies сарапшысы Эдисон Ли акциялардың бағасын 212 доллардан 201 долларға дейін төмендетті, ал Loop Capital сарапшылары iPhone сатылымының болжамын 1%-дық өсу болжамынан 2%-дық төмендеу болжамына дейін қайта қарады. Бұл болжамдар инвесторлар мен Apple-дің фанаттарының көңіл-күйін түсірді, сондықтан компания акциялары сейсенбі күні сәл сатылымға шығып кетті.
Жалпы алғанда, сейсенбі күнгі сауда қорытындыларына оң баға беруге болады. Дональд Трамптың президенттігіне берілген алғашқы реакция ешқандай «апатқа» алып келген жоқ және бұл жақсы жаңалық. Нарық қатысушылары әлі де өздерін сенімді ұстап отыр, сондықтан алдағы күндері индекстердің жаңа тарихи максимумдарды бағындыруы әбден мүмкін.