Naryk.kz: Нарыққа апталық шолу: инвесторлар әуе компаниялары акцияларына лап берді
Өткен аптада нарықта айтарлықтай маңызды құбылыс немесе инвесторлардың қызығушылығын тартқан оқиға болған жоқ. Көріп отырғанымыздай, S&P500 индексінің ішінде ең көп қымбаттаған ТОП-10 компанияда максималды кірістілік бұл жолы тек 12%-бен шектелді. Дегенмен, ITS биржасының сарапшылары үздік ондыққа талдау жасай отырып, бірқатар қызықты тұстарды атап өтеді.

Z толқын мен миллениалдар люкс ритейлді өсірді
Біріншіден, үздік ондықтың көшбасшысы — Tapestry Inc (TPR), люкс бөлшек сауданың жарқын өкілі, сөзсіз ерекше назар аударуға лайық. Жалпы бөлшек саудагерлерде өте жоғары кірістілік сирек болады, ал люкс брендтер сататын Tapestry сияқты компаниялар, әдетте көріне қоймайды. Люкс, өздеріңіз білетіндей, ерекше назарды қажет етпейді.
Дегенмен, Tapestry көш басына шыққаны ақиқат. Компания шын мәнінде Coach, Kate Spade New York және Stuart Weitzman сияқты өмір салтының культ аксессуары мен брендінің сән үйі. Бұл компанияны ерекшелендіретін нәрсе оның бірегей көп арналы маркетингтік стратегиясы, ол тұтынушылардың қатысуын күшейтетін және табыс пен кірістішіктің өсуіне ықпал ететін маңызды артықшылығы.
2025 қаржылық жылдың III тоқсанында тұтынушыға тікелей сату бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 9% өсті, бұған цифрлық форматтағы орташа өсім мен әдеттегі дүкендердегі бір таңбалы өсім себеп болды. Қазір компания табысының 30%-ы цифрлық технологиядан келеді және көрсеткіш жоғары табыстылықпен өсіп келеді. Сонымен қатар шығармашылық инновация мен кеңейтілген аналитика арқасында барлық арнада табыстылық өсіп келеді. Бұл тұрғыда таза сату көлемі 1 584,6 млн долларды құрап, бір жыл бұрынғыдан 6,9%, тұрақты валютада 8% өсті.
Компанияның өзі растағандай, көп арналы (омниканалды) маркетинг моделі тұтынушы тәжірибесін жақсартады және тұтынушылардың байланыс нүктелерінде ең жоғары бағамен сұранысты қанағаттандыруға көмектеседі. Coach Play лоялдық жүйесі секілді бөлшек сауданың инновациялық форматы, бренд туралы иммерсивті баяндау дүкенде кафе ашу трафикті көбейтіп, сауда жасау уақытын арттырып, клиенттердің қайтып келуіне ықпал етеді, әсіресе Z толқын арасында.
Тек III тоқсанның өзінде Tapestry Солтүстік Америкада 1,2 млн-нан астам жаңа тұтынушы тапты, олардың үштен екісі Z толқыны мен миллениалдар. Бұл клиенттер әдетте жоғары орташа бөлшек сауда деңгейіндегі сатып алушылар және компания брендтері үшін болашақ өмірлік құндылықты көрсете отырып, бірінші жылда компанияда лоял болып қалады.
Цифрлық өсуді, тәжірибелік бөлшек сауданы, стратегиялық маркетингті және инклюзивті бренд хабарламаларын біріктіре отырып, Tapestry компаниясының көп арналы стратегиясы жас аудиториямен резонанс жасауды жалғастыруда және жаһандық тұрақты, табысты өсуді қамтамасыз етеді. Әрине, бұл Tapestry акциясы бағасынан көрінеді, ол жыл басынан бері 55% және соңғы екі аптада 15% -дан астам өсті.
Әуе тасымалы акциялары шарықтады
Өткен аптаның қорытындысы бойынша, ТОП-10-да ерекше атап өтуге болатын тағы бір нәрсе — жетекші америкалық әуе тасымалдаушылар акцияларының қарқын алуы. Бұл жолы саладан үш компания суырылып алға шықты — Delta Air Lines (DAL), Southwest Airlines Co (LUV) және United Airlines Holdings Inc (UAL). Оған бейсенбіде шыққан Delta Air Lines компаниясының тоқсандық есебі. Есеп күткеннен де жақсы болып шықты және нәтижесінде компания мен оның бәсекелестерінің акциясын күрт қымбаттатты.
II тоқсан нәтижесі бойынша, Delta Air Lines таза пайдасы өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 1,3 млрд доллардан биыл 2,13 млрд долларға дейін 63% өсті. Сонымен қатар, III тоқсанда компания кірісі өзгеріссіз қалады немесе жылдық 4%-ға дейін өседі деп күтеді.
Бұған қоса, компания тоқсандық дивидендтің 25% ұлғайғанын жариялады, бұл акционерлерге бір акцияға 0,1875 доллар дивиденд алуға құқық береді, яғни бұрынғы 0,15 доллардан жоғары. Жоғары дивиденд осы жылдың қыркүйегінде төлене бастайды. Әрине, осындай керемет нәтиже инвесторларды Delta Air Lines сияқты басқа компаниялпрдың акциясын сатып алуға шабыттандырды.
COVID-19 вакцинасы әлі сұраныста
S$P500 индексінің үздік ондығынп қарағанда қуанатын тағы бір нәрсе — бір вакцина компаниясы ретінде белгілі Moderna Inc. (MRNA) биотехнологиялық компаниясы. Оның өнімін бәріміз жақсы білеміз – бұл COVID-19 вакцинасы. Ал бұл жолы осы компанияның акциясына сұраныстың артуы дәл сол вакцинадағы жаңа әзірлемеге байланысты болды. Компанияның акциясы АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) балаларға арналған Spikevax COVID-19 вакцинасын толығымен мақұлдағаннан кейін көтеріле бастады. Мақұлдау COVID-19-дан ауыр сырқаттану қаупі жоғары алты айдан 11 жасқа дейінгі балаларға қатысты.
Бұрын вакцина тек осы жас тобына төтенше жағдайда қолдану рұқсат етілген. Енді вакцина балаларға да стандартты мақұлданды. Moderna бас директоры Стефан Бансел вакцинацияны «кішкентай балаларымызды ауыр аурулардан және ауруханаға түсіден қорғаудың маңызды құралы» деп атады. Компания Spikevax вакцинасы 2025-2026 респираторлық вирус маусымы алдында дайын болатынын растады, бұл алдағы күзде және қыста қолданыла бастайды деген сөз.
Міне, аптаның үздік ондығы әр түрлі және жан-жақты болып шықты. Ұшақтар ұшып жатыр, вакциналар әзірленуде, миллениалдар кафеге барып, сәнді киімдер мен аяқ киімдер сатып алуда. Өмір де, нарық та әдеттегідей жалғасуда, бұл керемет!
(c) Naryk.kz https://naryk.kz/news/naryqqa-aptalyq-sholu-investorlar-aue-kompanialary-akcsialaryna-lap-berdi