Naryk.kz: Нарыққа апталық шолу: медиадағы ірі мәмілелер нарықты өсірді
Өткен аптада АҚШ-тың негізгі индекстері күн сайын тарихи максимумдарын жаңартты. Сонымен қатар S&P500 индексіндегі үздік он акцияның көрсеткіштері де назар аударды. Әдетте аптаның қорытындысы бойынша ТОП-10 акцияның табыстылығы шамамен 20%-дан басталып, 7–8%-бен аяқталатын. Бұл жолы алғашқы ондықтағы төрт компанияның акциялары 20%-дан астам, ал соңғы орындардағы акциялар 10%-дан жоғары өсті.деп жазады нарыққа апталық шолуында ITS биржасы сарапшылары.
ТОП-10 ішінде негізгі күштер мен нарықтың жалпы өсу себептері анық байқалды.
Медиа-компаниялар
Бірінші екі орынды Warner Bros. Discovery Inc (WBD) және Paramount Skydance Corp (PSKY) иеленді. Paramount пен Skydance-тің 8,4 млрд доллар көлеміндегі бірігуінен кейін жаңа компания Warner Bros. Discovery-ге ірі ұсыныс жасады. Қорытынды келісім әлі бекітілмеген, бірақ екі компанияның акциялары айтарлықтай көтерілді. Бұл бірігу іске асса, антимонополиялық тексеру жүргізілуі ықтимал. Себебі жаңа құрылым HBO Max, Barbie, Harry Potter сияқты Warner Bros. Discovery активтерін және Paramount студиясын, CBS News пен Paramount+ платформасын біріктірмек.
Жасанды интеллект және медицина
Кино индустриясын алып тастағанда, алғашқы ондықта негізінен жасанды интеллектпен байланысты компаниялар қалды. Сонымен қатар медициналық сақтандыру саласындағы Centene Corp (CNC) және UnitedHealth Group Inc (UNH) акциялары бар.
NRG Energy (NRG) мен Vistra Corp (VST) да ТОП-10 ішінде. Бұл – коммуналдық сектордағы электр энергиясын жеткізуші компаниялар.

Oracle және технологиялық серпін
Өткен аптадағы басты компания – Oracle Corp (ORCL). Компания 2-тоқсан бойынша есеп беріп, жасанды интеллект пен бұлтты технологияларды дамыту жоспарларын жариялады. Бұл инвесторлардың қызығушылығын арттырып, Oracle акцияларымен бірге Micron Technology Inc (MU), Lam Research Corp (LRCX) сияқты чип өндірушілердің және электр энергиясын жеткізуші NRG Energy мен Vistra Corp акцияларына сұраныс өсті.
Tesla
Tesla (TSLA) акциялары ерекше орынға ие болды. Компания бас директоры Илон Маск бес жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет ірі көлемде акция сатып алды. Ол 2,57 млн акцияны шамамен 1 млрд долларға сатып алды. Маск Tesla-ның болашағы электрмобильдермен ғана емес, Optimus атты гуманоидты роботымен байланысты екенін айтты. Оның болжамынша, компания құнының 80%-ы осы бағытқа тиесілі болуы мүмкін. Сонымен қатар Tesla роботакси паркі арқылы толық автономды технологияны енгізуге дайындалып жатыр.
Жоғары технологиялар қазіргі кезеңде нарықтағы негізгі өсу факторы болып тұр.
(c) Naryk.kz https://naryk.kz/news/naryqqa-aptalyq-sholu-mediasektordagy-iri-mamileler-naryqtagy-osimning-basty-faktory-boldy