Naryk.kz: ITS World индексіне негізделген ETF: 5,9% өсіп, нарықтан озып шықты
ITS World индексіне негізделген ETF-тің (биржада саудаланатын фонд) алғашқы толық кварталдағы саудасының қорытындысы бойынша 5,9% өсім байқалды. Бұл өз кезегінде сауда алаңының өзіндік флагмандық индексінің диверсификацияланған құрамының арқасында нарықтағы көптеген аналогтардан жоғары динамика көрсетті.
Қазақстанның және Орталық Азияның қаржы нарығындағы алғашқы индекстік ETF-тің бағалы қағаздарымен сауда 2024 жылдың 7 қарашасында "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) юрисдикциясында басталды.
АҚШ долларымен номиналданған базалық индекс 2024 жылдың 7 қарашасынан 2025 жылдың 6 ақпаны аралығында дивидендтерді есепке алмағанда 5,9% өсім көрсетті. Дивидендтерді ескере отырып, жалпы кіріс 6,3% құрады, бұл өз аналогтары мен банктік депозиттердің кіріс деңгейінен жоғары. Салыстыру үшін: осы кезеңде теңгемен номиналданған қазақстандық нарықтың KASE және AIX индекстері сәйкесінше 4,6% және 6,9% өсті, ал теңге курсы 4,6% төмендеді. АҚШ долларымен номиналданған әлемдік S&P500 және Nasdaq 100 индекстері сәйкесінше 2,3% және 4,2% өсті, ал Қазақстан банктеріндегі долларлық депозиттер жылдық 1% мөлшермесімен есептегенде салымшыларға 0,25% кіріс әкелді.
"ITSW-тің алғашқы үш айлық сауда нәтижелері біздің флагмандық өніміміздің жоғары кірісті қамтамасыз етуге және әлемдік қаржы нарығында сәтті бәсекелесуге қабілетті екенін көрсетіп отыр. Инвесторлар өз инвестицияларының негізі ретінде ITSW акцияларын таңдайды, себебі бұл әлемнің түкпір-түкпірінен алынған ірі компаниялардың акцияларынан құралған жақсы теңгестірілген және өтімділігі жоғары қоржын", – деп атап өтті ITS бас директоры Александр Диаковский.
ITSW индексі әлемнің ең ірі капиталдастырылған 50 компаниясының акцияларын қамтитын ITS World индексінің динамикасын қадағалап отырады. Индекс жақсы диверсификацияланған, әрбір акцияның үлесі 10% -бен шектелген. Сонымен қатар, инвесторлар үшін ITSW-ге кіру шегі қолжетімді деңгейде, ал 1 лот 1 ITSW акциясына тең.
"ITS World индексі дамыған экономикалар мен тез өсіп келе жатқан секторларға бағытталған әлемдік нарыққа қол жеткізгісі келетіндер үшін сенімді инвестициялық құрал", – деп атап өтті Диаковский.
ITSW индексіне негізделген ETF және шариғат принципіне сәйкес келетін ITS Shariah индексіне негізделген ETF-тің 2025 жылдың қаңтарында іске қосылуы ITS-тағы сауда көлемінің айтарлықтай өсуіне әкелді.
ITSW индексіне негізделген қордан басқа, 2025 жылдың қаңтар айында ITS және IPS Capital басқару компаниясы бірлесіп ITS Shariah шариғаттық индексіне негізделген қорды іске қосты. Қолжетімді құралдар мен ITS сауда алаңындағы инвесторлардың санының артуы сауда көлемінің айтарлықтай өсуіне әкеліп соқты, қаңтар айында сауда көлемі 0,7 млрд долларға жетті.
"ITSW саудасы басталғаннан бері үш ай өткен соң, нарықтың бұл жаңа ыңғайлы құралды бастаушы инвесторлар үшін де, кәсіби трейдерлер үшін де негізгі құрал ретінде бағалағанын көріп отырмыз. ITSW-тің танымалдылығына АҚШ долларымен есептелуі де әсер етті, бұл инвесторларды ұлттық валютаның ауытқуынан қорғайды. Алайда, кез келген акциялық индекске негізделген ETF сияқты, ITSW да әлемдік қаржы нарығының қозғалысына байланысты тәуекелге ұшырайтын құрал екенін ұмытпау керек", – деп қосты Диаковский.
ITS World ETF-ті басқарушы компания ретінде IPS Capital АХҚО-да жеке инвесторлар үшін қорларды басқару лицензиясына ие. Индекс құрамы, нақты уақыттағы динамика, методология және басқа да құжаттар ITS сайтында жарияланған.
Инвесторларға ITS акциялары мен ETF бағалы қағаздарының құны тәуелсіз активтердің құнына байланысты өзгеруі мүмкін екенін ескертеміз. Өткен кезеңдегі кірісім болашақтағы кірісімнің кепілі емес.
(с) Naryk.kz