2025 жылғы 13 наурыздағы сауда-саттықтың қорытындысы

Президент Трамп жаңа тариф енгіземін деп инвесторларды тағы да қорқытып жатыр. Сауда-саттық басталмай тұрып-ақ өндірушілер тарапынан тұтынушылық инфляция бойынша макроэкономикалық деректер (PPI индексі) шықты, ол содан бір күн бұрын шығарылған CPI индексі сияқты, ақпан айының қорытындысы бойынша тұтынушылық инфляция қарқыны сарапшылардың болжамынан көп төмендегенін көрсетті. Осы жағдайда инвесторлар қуанып, дереу акцияларды сатып алуы керек сияқты. Бірақ бәрі мүлде басқаша болды. Кенеттен сахнаға шыққан Трамп Еуропалық одақтан алкоголь экспортына 200 пайыз тариф енгіземін деп қорқыта бастады, әрине, мұның саудадағы шиеленісті одан әрі арттыратыны анық. Бұл тағы да инвесторлардың берекесін қатты қашырғаны сөзсіз. Сондықтан негізгі сауда-саттық ашылған бойда индекстер төмендей бастады, ал өздерін дәрменсіз сезінген «бұқалар» болып жатқан жағдайды өзгерте алмай, анда-санда ғана «аюлардың» келесі шабуылына қарсы тұруға тырысты. Бірақ олардың күш-жігер салуы нәтиже берген жоқ, кішігірім көтерілу ештеңеге әкелмеді және ақыр аяғында финалдық гонг соғылғаннан кейін индекстер күннің минимумында жабылды. Осы орайда барлық жетекші американдық индекстер 1 пайыздан әлдеқайда көп жоғалтты: Dow jones және S&P500 индекстері 1,3 - 1,4%%, NASDAQ Composite индексі 2 пайызға жуық (-1,96%) төмендеді.

Сатушылар бұл жолы да жетекші технологиялық компаниялардың акцияларына басты назар аударды, мұнда технология секторы, сондай-ақ циклдік компаниялар мен коммуникация қызметі секторы бойынша орташа ғана шығын шамамен 2 пайызды құрады. Бейсенбі күнінің қорытындысы бойынша шикізат (+0,3%) және энергетика (+0,2%) компанияларының акциялары ғана плюске шықты.

Әлбетте, ITS тобының индекстері де сатушылардың қысымына төтеп бере алмай құлдырады, бір күнде ITS World (ITSW) жаһандық нарық индексі -0,74% және ITS Shariah (ITSS) исламдық бағалы қағаздар индексі -1,51% жоғалтты.

Қытай компаниялары ITSW индексінің біршама жоғары көтерілуіне көмектесуге тырысты, бірақ JD.com (JD) және Baidu (BIDU) сияқты қытай компаниялары акцияларының 2% өсуі Meta Platforms (META) акцияларының 5 пайызға жуық төмендеуіне қарсы тұра алмады.

ITSS индексіндегі жағдай одан да қиын болды. Индекске кіретін 30 компанияның 6-ының ғана акциялары күнді плюспен аяқтады. Соның өзінде де бұл плюс салыстырмалы болды – Johnson & Johnson (JNJ), Pepsico (PEP) және Procter & Gamble (PG) сияқты компаниялардың акциялары бір күннің ішінде бір пайызың болмашы үлесін ғана қосты. Ал ITSS индексінің құрамында фармацевтика саласындағы екі мейджор – Merck & Company (MRK) және AstraZeneca (AZN) компаниясының акциялары үздік атанды. Бірақ бұл жағдайда да өсім 1 пайыздан сәл ғана асатын шамамен шектелді. Сондықтан күннің қорытындысы бойынша ауыз толтырып айтарлық ештеңе жоқ.

Нарық құлдырап барады. Бұл инвесторларды қатты үрейлендіре бастады. Жүйкені тыныштандыратын бір ғана нәрсе бар – қазіргі құлдырау әзірге дүрбелеңге салынып жаппай сатуға ұласып жатқан жоқ. Сондықтан көңілдің түкпірінде бәрі жөнделетін шығар деген үміт бар.