ITS алаңы ITSW флагмандық индексіндегі Қазақстандық эмитенттердің бағалы қағаздар санын арттырып жатыр

ITS халықаралық сауда алаңы ITS World (ITSW) индексін есептеу әдіснамасын өзгертеді. Аймақтық топтардың динамикасын талдау нәтижесі бойынша, Қазақстан аймағының репрезентативтігі жеткілікті болмауына байланысты қазіргі уақытта оған тек 2 компания өкілдік етеді, Қазақстан аймағы эмитенттерінің саны 3 компанияға артады. Тиісінше, Америка, Еуропа және Азия аймақтық топтарындағы эмитенттердің саны әр топта 1 компанияға азаяды. Осы орайда аймақтық топтардың үлес салмақтары өзгеріссіз қалады.

Осылайша, Қазақстан аймағының салмағы 4% деңгейінде қалады, индекс құрамындағы бағалы қағаздардың саны 5-ке дейін өседі. Америка аймағының салмағы 38% деңгейінде қалады, ал индекстегі бағалы қағаздардың саны 18-ге дейін қысқарады. Азия аймағының салмағы 30% деңгейінде сақталады, ал индекстегі бағалы қағаздардың саны 14-ке дейін азаяды. Еуропа аймағының салмағы 28% деңгейінде қалады, ал индекстегі бағалы қағаздардың саны 13-ке дейін қысқарады.

Әдіснамадағы өзгерістер алдағы уақыттағы жоспарлы қайта теңгеру кезінде іске асырылады, ол 2026 жылғы 10 ақпаннан бастап күшіне енеді.

Қайта теңгеруден кейінгі индекстің құрамына қосылғаны:

  • FRHC (Freedom Holding Corp.);
  • KAP.Y  (Kazatomprom);
  • HSBK.Y  (Halyk Bank);
  • SONY (Sony Group).

Индекстің құрамынан шығарылғаны:

  • CHKP – Азияға арналған квотаның қысқаруына байланысты;
  • ALC – Еуропаға арналған квотаның қысқаруына байланысты;
  • LI – компанияның орташа капиталдануының 26,37% төмендеуіне байланысты;
  • NFLX – орташа капиталдануының 34,5% төмендеуіне және АҚШ-қа арналған квотаның қысқаруына байланысты.

Қайта теңгеру нәтижесі бойынша ITSW индексіндегі компаниялардың қорытынды салмақтары:

TSM
10,0%
BABA
5,3%
NVDA
5,1%
AAPL
4,5%
GOOG
4,3%
GOOGL
4,3%
AZN
4,1%
MSFT
4,0%
SAP
4,0%
TM
3,9%
NVS
3,8%
SHEL
3,0%
AMZN
2,9%
PDD
2,3%
SONY
2,2%
UBS
2,0%
RIO
1,9%
AVGO
1,9%
META
1,9%
BUD
1,8%
BTI
1,8%
CB
1,7%
SPOT
1,7%
TSLA
1,7%
IBN
1,5%
KMG
1,4%
NTES
1,2%
BRK B
1,2%
LLY
1,1%
WMT
1,0%
JPM
1,0%
RACE
1,0%
KAP.Y
0,9%
KSPI
0,9%
NXPI
0,8%
V
0,7%
TAK
0,7%
BIDU
0,7%
ORCL
0,7%
JD
0,6%
XOM
0,6%
JNJ
0,6%
MA
0,6%
GRMN
0,6%
TEAM
0,5%
TEVA
0,5%
FRHC
0,4%
HSBK.Y
0,4%
CYBR
0,3%
KEP
0,3%