ITS халықаралық сауда алаңының алаяқтық жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты ресми хабарламасы
Құрметті тұтынушылар мен серіктестер!
Соңғы уақытта ITS[1] компаниялар тобының лауазымды тұлғаларының қолдан жасалған қолтаңбалары мен мөрлерін пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер жиілеп кетті. Алаяқтар өзін ITS халықаралық сауда алаңы мен оның еншілес ұйымдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, тікелей қызметтерін ұсынады, сондай-ақ жеке тұлғаларға шот ашу немесе операциялар жүргізу туралы ұсыныстар жасайды.
Осы хабарлама арқылы хабарлаймыз: ITS халықаралық сауда алаңы мен оның еншілес ұйымдары жеке тұлғалармен тікелей жұмыс істемейді және ешқандай қаржы аударымдарын төлем жүйелері арқылы үшінші тұлғалардың банктік шоттарына жіберуді талап етпейді. Жеке инвесторлардың ITS алаңында айналысатын қаржы құралдарына қолжетімділігі тек ITS саудасының ресми қатысушылары (лицензияланған брокерлер және/немесе серіктес банктер) арқылы ғана жүзеге асырылады. ITS-тің интернеттегі ресми сайтының мекенжайы: www.itsx.kz. Осы атауға немесе жазылуына ұқсас өзге сайттар біздің компанияға тиесілі емес және алаяқтық мақсатында қолданылуы мүмкін.
ITS әрбір алаяқтық фактісіне мұқият қарайды және Реттеушімен (Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі АХҚО комитеті), хостинг провайдерлерімен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, фишингтік сайттарды жедел бұғаттау бойынша жұмыс жүргізеді.
Сақтық танытуларыңызды өтінеміз!
ITS ресми ресурстары:
- itsx.kz
- its-world.kz
- Ресми ITS телеграм-арнасы
- Ресми ITS инстаграм аккаунты
ITS туралы ақпарат
ITS – халықаралық өтімділік хабы. ITS бизнес моделінің негізінде жатқан best execution қағидасы мен smart order routing өтімділікті қамтамасыз ету технологиясы инвесторларға жаһандық қаржы нарығындағы ең жақсы бағамен және кез келген көлемде бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға мүмкіндік береді. Осы технологияның арқасында ITS алаңындағы шетелдік бағалы қағаздар бойынша өтімділік осы бағалы қағаздар саудаланатын жетекші халықаралық алаңдардағымен бірдей.
ITS Central Securities Depository Limited – ITS орталық депозитарийі бағалы қағаздарды сақтау және онымен есеп айырысу бойынша депозитарлық қызмет көрсетеді. Депозитарий АҚШ салық қызметінен Ұстап тұратын білікті делдал (Qualified Intermediary with primary withholding responsibility, WQI) мәртебесін алды.
Central Counterparty – ITS негізгі контрагенті клирингке қатысушылардың барлық міндеттемелері бойынша бір тарап болып табылады және ITS сауда-саттық алаңында жасалатын мәмілелер бойынша клирингті жүзеге асырады.
ITS алаңы ITS World (ITSW) және ITS Shariah (ITSS) өз индекстерін есептейді.
ITS алаңының тікелей клиенттері Қазақстан мен басқа елдердің бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылары – АХҚО-да аккредиттелген, сол сияқты тікелей тіркелген қаржылық делдалдар болып табылады. Инвесторлар – жеке және заңды тұлғалар сауда-саттыққа қаржы делдалдары – брокерлер мен банктер арқылы шығады.
ITS баспасөз қызметі
pr@itsx.kz
ITS ресми телеграм арнасы
ITS ресми инстаграм аккаунты