Naryk.kz: ITS биржасындағы сауда қаңтарда 7,3 есе көбейді
2025 жылдың қаңтар айында ITS халықаралық сауда алаңындағы бағалы қағаздармен сауда көлемі рекордтық 670 млн долларға жетті, бұл өткен айдағы сауда көлемінен (91 млн доллар) 7,3 есе көп.
ITS-тегі сауда белсенділігінің өсуі саудаға қосылған инвесторлар санының артуына және қолжетімді құралдар тізімінің кеңеюіне байланысты. Сауда көлемінің өсуіне ITS-тың өз индекстері негізіндегі ETF қорлары сияқты жаңа құралдарға деген нарықтың жоғары қызығушылығы үлкен үлес қосты.
Қаңтар айындағы сауда көлемінің өсуінің тағы бір қосымша факторы – әлемдік қаржы нарықтарында жоғары волатильділік болды. Қаңтар айының қорытындысы бойынша ITS-тің флагмандық биржалық индексі ITS World 3,8% өсті, ал Шариғат принциптеріне сәйкес келетін 30 жетекші компанияның акцияларын қамтитын ITS Shariah индексі 0,3% өсті.
"ITS саудасына қатысушылардың, жаңа трейдерлер мен инвесторлар санының Қазақстаннан да, басқа елдерден де үздіксіз өсіп жатқанын байқаудамыз. Инвесторларға шетелдік бағалы қағаздармен және ETF-пен сауда жасау мүмкіндігі ұнайды және биыл жаңа сауда құралдарын әзірлеп іске қосу арқылы сауда көлемінің өсуі жалғаса береді", – деді ITS бас директоры Шыңғыс Қанапьянов.
ITS-тегі сауданың өтімділігі сауда көлеміне байланысты емес, өйткені ол маркет-мейкерлердің қатысуымен, best execution және smart order routing технологиясымен қамтамасыз етіледі.
Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы алғашқы ITS World индексіне негізделген ETF-пен сауда (тикері: ITSW) 2024 жылдың қараша айынан бастап жүргізіліп, кең ауқымды инвесторларға инвестиция салу және төмен кіру шегімен трейдинг жасау үшін ыңғайлы және теңдестірілген құрал берді. 2025 жылдың қаңтар айында ITS көп жақты сауда алаңының ETF желісі ITS Shariah индексіне негізделген қормен (тикері: ITSS) толықтырылды.
"Инвесторларды "Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) реттеу шарттары, инвестициялық стратегиялардың кең таңдауы, әлемдік нарық деңгейіндегі өтімділік және дерлік 18 сағаттық сауда сессиясы қызықтырады", – деп атап өтті Қанапьянов.
Қаңтар айында ITS-тегі сауда көлемі бойынша ең танымал 10 құралға келесі компаниялардың акциялары мен ETF кірді: NVIDIA Corporation (тикері: NVDA), Coinbase Global (COIN), Tesla (TSLA), MicroStrategy (MSTR), Direxion Daily 20+ Year Treasury Bull 3X Shares (TMF), Direxion Daily Semiconductor Bull 3X Shares (SOXL), ProShares UltraPro QQQ (TQQQ), Boeing (BA), MARA Holdings (MARA) және Micron Technology (MU).
Қаңтар айының соңында ITS инвесторлары үшін АҚШ-тың NYSE және NASDAQ биржаларында, сондай-ақ AIX-те бастапқы листингі бар 2850-ден астам компанияның акциялары мен депозитарлық куәландырылған құнды қағаздары және ETF қолжетімді болды.
(с) Naryk.kz