Naryk.kz: Нарыққа апталық шолу: салалар арасындағы бәсеке қайта жанданды
Бір апта бұрын S&P500 индексіндегі үздік он компания толығымен дерлік мұнай компанияларының акцияларынан тұрды. Дегенмен, өткен аптада, көріп отырғанымыздай, жағдай мүлдем керісінше. Жекелеген компания акцияларының қымбаттауына әр түрлі себеп бар. Бұл туралы ITS биржасы сарапшыларының нарыққа апталық талдауында көрсетілген.

Бірінші орында түрде әлемдегі жетекші криптовалюта биржаларының бірі Coinbase Global Inc (COIN) акциялары тұр. Бұл лайықты да, ақылға қонымды. Компания акциялары шарықтауына АҚШ-та қабылданған заң ықпал етті. Заңға сай, енді стейблкойн эмитенті компаниялар алынған қаражатты ең сенімді активтерге — АҚШ долларына, қазынашылық облигацияларға, алтынға және т.б. орналастыруға міндетті. Бұл инвесторлардың мүдделерін алаяқтық схемалардан және ықтимал банкроттықтан қорғау мақсатында жасалды. Әрине, бұл бүкіл криптовалюта нарығы үшін жағымды сәт және инвесторлар бірден эмитент компаниялардың акцияларын да, биржалық сауда-саттықты ұйымдастырушы компаниялардың, соның бірі Coinbase Global Inc, акцияларын да сатып алуға асықты. Бірақ егер COIN акциясы бір апта ішінде «тек» 30% өссе, ал, мысалы, стейблкойнмен айналысатын жаңадан пайда болған, акциясы ITS биржасында сатылатын Circle Internet Group Inc. (CRCL) акциясы соңғы аптада 132 доллардан 240 долларға дейін қымбаттады (еске салайық, бұл акциялардың IPO бағасы 31 доллар болған, яғни 5 маусымда орналастырылған күннен бастап өсім 700% дерлік!). Ал компанияның капитализациясы Америкк бизнесінің Ford (F), General Motors (GM) секілді алпауыттарынан асып кетті.
Айта кетерлігі, өткен аптаның үздік ондығында да алдыңғы аптамен сабақтастық бар. Одан бір апта бұрын Archer-Daniels-Midland (ADM) ауылшаруашылық компаниясының акциясы алғашқы ондыққа енген. Оның қымбаттауына Трамп әкімшілігінің алдағы екі жылда мұнай өңдеу зауыттары дизельдік отынмен және бензинмен араласуы тиіс биоотынның мөлшерін арттыруды ұсынғаны туралы ақпарат себеп болды. Ал өткен аптада үздік ондыққа ADM бәсекелесі, атап айтқанда, астық және техникалық ауыл шаруашылығы дақылдарымен айналысатын ауылшаруашылық алыбы Bunge Global SA (BG) акциясы кірді. Көріп отырғанымыздай, қор нарығында байсалды ралли ұйымдастыру әдеті жоқ ауыл шаруашылығы соңғы апталарда алға шықты.
Өткен аптада алғашқы ондыққа кірген қызықты компаниялардың ішінде сұлулық бизнесіндегі әлемдік көшбасшылардың бірі — Estee Lauder Cos Inc (EL) акциясының өсуін атап өткен жөн. Оның басты себебі — жетекші әлемдік сарапшылардың оң болжамы және мақсатты бағаның жоғарылауы болды. Яғни, Deutsche Bank сарапшылары акцияны «Ұстау» деген ұсынысын «Сатып алу» деп жаңартты және олардың бағасын 71 доллардан 95 долларға дейін көтерді, бұл Estee Lauder акциясын 20%-дан астамға өсу мүмкіндігін білдіреді. Сонымен қатар, сарапшылар компания стратегиясының дұрыс жолда екенін көрсететін белгілерін көбірек байқай түсті. Өйткені компания Қытайдан тыс және саяхатқа бағытталған бөлшек сауданы (ең алдымен халықаралық әуежайлардағы duty free) кеңейтті. Олар сонымен қатар компанияның брендтер мен баға нүктелері бойынша өнім инновациясын жеделдету, сонымен бірге негізгі шешімдерді сатылым орын алатын нарықтарға жақындатуға деген ұмтылысын атап өтті.
«Осындай қиын, бірақ өте қызықты апта болды. Алдағы апта бізге көптеген жағымды тосын сыйлар әкеледі деп сенеміз», — дейді ITS биржасы сарапшылары.
(с) Naryk.kz