Индекстік ETF

ITS World

Әлемдік лидерлердің портфелі. 

Инвестициялауды жеңілдетіңіз

13.0066

ITSW Бағасы

12.9778

ITSW iNAV

10.9468

ITSW NAV

ITSW ETF 

ITSW – бұл бір батырманы басу арқылы әлемдегі ең табысты компаниялардың портфеліне инвестиция салудың ерекше мүмкіндігі. 
Кез келген инвестор үшін әлемдік нарыққа кіруді қамтамасыз ететін және дерлік шексіз өтімділік беретін қолжетімді құрал. ITSW ETF акциялары АҚШ долларында номиналданған, бұл валюталық кіріс іздейтін және депозиттер бойынша төмен пайыздармен қанағаттанбағандар үшін өте маңызды.
Фондтың акциясын тек 10 долларға сатып алу арқылы сіз өз аймағында және саласында көшбасшы болып табылатын 50 ірі халықаралық компанияның бағалы қағаздар себетінің тең үлесіне ие боласыз.

ITSW
индексі

1 529.13

Басқару құны  

(TER)

0.2%

2024 жылға арналған ITSW өзгерісі

+20.3%

Ваши инвестиции в корзину индекса ITSW составили бы
$13 729.43
Ваши издержки на управление портфелем за весь период составили бы
$62.71
Если бы вы инвестировали
$10 000

Табыстылық калькуляторы

ITSW ETF-пен инвестицияларыңыздың қалай өсуі мүмкін екенін біліңіз.

 

Табыстылық калькуляторын қолдану арқылы сіз екі жыл бұрын ITSW ETF-ке инвестиция салған болсаңыз, портфеліңіздің мүмкін болатын құнын, кірістер мен шығындарыңызды бағалаңыз.

ҚОР ТУРАЛЫ ЖАҢАЛЫҚТАР 

09.01.2025
2024 жылдың қорытындысы
08.10.2025
Әлемдік нарықтарды озу: Қазақстан акциялары кіретін ITS World индексінің долларлық кірістілігі бір жылға жетпей 30%-ға жетті
06.10.2025
Бізге тоғызыншы толқын да бөгет емес, шатдаун да сақалын сап сілтей алмайды
02.10.2025
Бағалы қағаздар нарығына шолу
29.09.2025
Бағалы қағаздар нарығына шолу
29.09.2025
Shutdown қаупі тура басымызда тұр
22.09.2025
Аспаннан аса алмайсың

ITSS ETF БАҒАСЫ 

ITSW қорының АҚШ долларымен номиналданған ETF акцияларының баға белгіленім графигі таңдалған уақыт кезеңіндегі олардың динамикасы мен бағасын көрсетеді.

Графиктің түрін теңшеу үшін әртүрлі уақыт кезеңдері (бір минуттан бір күнге дейін) және деректерді көрсету тәсілдері: сызық, аймақ, жапон майшамы және барлар қолжетімді.

Графикті теңшеу әртүрлі уақыт мезетіндегі акциялар бағасының әрекетін жақсырақ түсінуге және негізделген инвестициялық шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

ITSW ETF АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ 

ТЕҢГЕРІМДІ

Салалар мен аймақтар бойынша әртараптандыру. Әлемнің ең ірі 50 компаниясынан тұратын қоржын

ҚОЛЖЕТІМДІ

ITSW акциясының бағасы $10, бір лот 1 акцияға тең

СЕНІМДІ

ITSW басқару сапасын көп деңгейлі бақылау жүйесі. Барлық активтер AFSA (Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті) бақылауындағы жеке шотта кастодианның сенімді басқаруында сақталады

ТӨМЕН ТӘУЕКЕЛДІ

ITSW индекс бойынша жұмыс істейді, табыстылығы басқарушының шеберлігіне байланысты емес

ӨТІМДІ

ITSW өтімділігін қамтамасыз ету жүйесі сауда сессиясы бойы 10:00-ден 03:45-ке дейін

ТИІМДІ

Инвесторлар үшін салықтық жеңілдіктер қарастырылған, Қазақстандағы жергілікті бағалы қағаз

ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ІРІ 50 КОМПАНИЯСЫ

ITS World ETF құрамында Америка, Еуропа, Азия, оның ішінде Қазақстанның капитализациясы ең жоғары 50 компаниясы бар.

ETF ТУРАЛЫ БАСҚА АҚПАРАТ 

No Results Found

МЕДИА

15.09.2025
Naryk.kz: Инвестиция жасағанда ЖИ пайдаланудың артықшылығы мен қатері
29.07.2025
Naryk.kz: Қаржылық есептер акцияны қымбаттатып, индекстер рекорд жаңартты
23.07.2025
Naryk.kz: ITS биржасындағы ETF қорлары жарты жылда 10,8% өсті
11.02.2025
Naryk.kz: ITS World индексіне негізделген ETF: 5,9% өсіп, нарықтан озып шықты
03.02.2025
Naryk.kz: ITS биржасындағы сауда қаңтарда 7,3 есе көбейді
13.01.2025
Naryk.kz: ITS World индексі 2024 жылы 18,9% өсті
Тәуекелдер туралы маңызды ескерту

Жалпы, ETF құны индекстің қозғалысына сәйкес өсуі де, төмендеуі де мүмкін. ETF акциялары әдетте ұйымдастырылған биржалық нарықта брокер арқылы сатып алынады және сатылады. Бірақ оларды жекелей Басқарушы компанияға сатуға немесе сәйкес акцияға айырбастауға ұсыну мүмкін емес. Осы мәселеге қатысты Fund Constitution және Offering Materials құжаттарымен танысып шығыңыз.

ITSW ETF қорындағы акциялардың құны тиісті эмитенттердің қызметіне байланысты және жалпы нарықтық немесе экономикалық жағдайлардың өзгеруі салдарынан құбылып, айтарлықтай төмендеуі мүмкін.

Пассивті басқарылатын қор ретінде ITSW ETF активтерді ITS World Index индексіне сәйкес инвестициялайды және ондағы құнды қағаздардың құрамын, тәуекел факторларын және басқа да сипаттамаларын мүмкіндігінше дәл қайталауға тырысады. Алайда, кез келген пассивті басқарылатын индекстік қор уақытша себептерге, портфельдегі бағалы қағаздардың мәндерін дөңгелектеу және басқа да факторларға байланысты математикалық модельдегі индекстен сәл өзгеше болады. Бұл айырмашылықтар қор басқарушылары азайтуға тырысатын, бірақ толығымен жоққа шығаруға болмайтын бақылау қатесі деп аталады.

ITSW ETF-тегі акциялар әлемдік нарықта жоғары өтімді бағалы қағаздар болып табылғанымен, нарықтық жағдайлар күрт нашарлаған кезде олар индекс бойынша есептелген модельдік құндылықтармен салыстырғанда елеулі спрэдтермен және дисконнттармен сатылуы мүмкін.

Бұл бақылау қателігіне, акцияға шаққандағы таза активтердің құнына (NAV) және ETF акцияларының нарықтық құнына әсер етуі мүмкін.

ETF акциялары басқа акциялар сияқты саудаланады және олардың маңызды сипаттамаларына, соның ішінде инвестициялық тәуекелге және нарықтық құнының ауытқуына ие. Сондықтан олар бір акцияға шаққандағы таза активтер құнынан (NAV) жоғары немесе төмен бағамен саудалануы мүмкін. TER мәніне брокерлік комиссиялар кірмейді, және бұл да қаржылық нәтижелерді төмендетуі мүмкін.

Инвестициялық шешім қабылдамас бұрын, ITSW ETF қорының инвестициялық мақсаттарымен, бағалы қағаздар құрамымен, тәуекелдермен, Басқарушы компания мен брокердің (биржа немесе MTF) комиссия деңгейімен танысып шығыңыз. Басқарушы компанияның сайтында жарияланған offering materials-пен және қордың басқа да құжаттарын мұқият оқып шығыңыз.

ITSW ETF-ке салынған инвестициялар жалпы экономикалық жағдайлардың, нарықтық ауытқулардың және бағалы қағаздар нарықтарындағы инвестицияларға объективті түрде ілесетін тәуекелдердің ықпалына ұшырауы мүмкін. Инвестициялық құралдардың бағасы көптеген факторлардың, соның ішінде экономикалық өсім немесе рецессия, пайыздық мөлшерлемелер мен валюталық бағамдардың өзгеруі, эмитенттердің кредиттік сапасының объективті немесе нарық қатысушыларының қабылдауындағы өзгерістер, жалпы нарықтық өтімділік, геосаяси оқиғалар және басқа да себептердің әсерінен айтарлықтай өзгеруі мүмкін.

Сонымен қатар, жергілікті, өңірлік және жаһандық оқиғалар, мысалы, соғыстар, терактілер, пандемиялар және т.б., ITSW ETF қоры мен онымен байланысты инвестицияларға айтарлықтай әсер етуі мүмкін.