ФОНД ТУРАЛЫ
Негізгі сипаттамалар
ITSW – АХҚО-да («Астана» халықаралық қаржы орталығы) әзірленген және листингтен өткен Орталық Азиядағы алғашқы ETF.
ITSW-IPS Capital басқарушы компаниясы құрды және ITS World Index бағасы мен кірістілік көрсеткіштеріне сәйкес келетін инвестициялық нәтижелерді қамтамасыз етуге тырысады.
ITSW қорының портфелі салалар мен аймақтар бойынша кеңінен әртараптандырылған және бұл әртүрлі елдердің инвесторларына бір шағын қоржынға жинақталған жетекші әлемдік активтерге инвестиция салуға бірегей мүмкіндік береді.
ITSW
ITSW ETF
Үздік шетелдік қорлардың (SPY, VOО, QQQ) кірістілігімен салыстырылатын базалық жоғары табысты.
Географиялық әртараптандыру арқылы жекелеген елдердің тәуекелдеріне төзімділікті.
Ең танымал бағалы қағаздарды қамтығандықтан жоғары өтімділікті қамтамасыз етеді.
Типі |
The ITS World index -ты пассивті түрде ұстану. |
Қордың негізінде жатқан активтер |
Жоғары капитализациялы компаниялардың акциялары.
|
Benchmark index |
ITS World INDEX |
Ticker |
ITSW |
Басқарушы компания |
IPS Capital Ltd.(Қазақстан) |
Индекстегі компоненттер саны |
50 компанияның акциясы |
Активтердің құрылымы |
Әлемдік экономиканың негізгі секторларындағы компаниялардың акциялары (технологиялық, қаржы, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, тұтыну тауарлары және т. б.) |
Басқару стилі |
Пассивті басқару (ITS World индексіне сәйкес) |
Аллокация лимиттері |
Қордағы әрбір бағалы қағаздың үлесі оның индекстегі салмағына сәйкес келеді және 10% шегімен шектеледі |
Management fee (Total Expense Ratio, TER) |
Жылына 0,2% |
Дивидендтер |
Қор портфеліндегі акциялармен төленетін дивидендтер капиталдандырылады (яғни, олар төленбейді, керісінше ETF құнын арттыру үшін қайта инвестицияланады). |
Валюта |
US Dollar (USD) |
Қордың акциялары сатылатын биржалар |
ITS, AIX |
Exchange/MTF |
Listing Date |
Trading Currency |
Ticker |
CFI code, ISO 10962:2015 |
ISIN |
AIX |
06.11.2024 |
USD |
ITSW |
CMOXES |
KZX000002878 |
ITS |
07.11.2024 |
USD |
ITSW |
CMOXES |
KZX000002878 |
Сауда алаңдары |
ITS, AIX |
Биржалық тикер |
ITSW |
Сауда сағаттары |
Астана уақытымен 10-00 – 03-45 |
Ең төменгі баға қадамы (tick) |
0,0001 |
Баға валютасы |
USD |
Жеткізу валютасы |
USD |
Бенчмарк
Нарықтық капитализацияға негізделген ITS World индексі әлемдік қор нарығында ірі капитализациялы акциялар сегментінің көрсеткіштерін бағалау үшін жасалған.
ITS World индексі капитализация бойынша әлемдегі ең ірі 50 компанияны біріктіреді және Америка, Еуропа, Азия, соның ішінде Қазақстанды да қамтиды.
ITS World индексінде әрбір компанияның үлесі 10%-дан аспауы тиіс.
Егер портфельді теңгерімдеу кезінде бір немесе бірнеше компанияның үлесі 10%-дан асса, артық үлес сол аймақтағы басқа компаниялар арасында пропорционалды түрде бөлінеді.
Эталондық индекстің құрамында әр аймақтың компанияларының бағалы қағаздарына арнайы квоталар бөлінген. Осы квота шеңберінде капитализациясы ең жоғары компаниялар таңдалып, индекске енгізіледі.
Қор портфеліндегі құнды қағаздардың аймақтық үлестері: Америка — 38%, Еуропа — 28%, Азия — 30%, Қазақстан — 4%.
ITS world индексі және жетекші әлемдік индекстер
Бэк-тестілеу қорытындысы бойынша ITS world индексі ауқымды әртараптандыруды растады:
Индекстің 30%-ға жуығын компаниялардың шамамен 20%-ы (салыстыру үшін, S&P 500 индексінде бұл үлестің 2% эмитенттерге тиесілі) алады.
Аймақтық әртараптандыру индекстің тұрақтылығын қамтамасыз етеді, өйткені мұнда кейбір нарықтар құлдырайды, ал басқалары керісінше өседі. Сонымен қатар, Орталық Азияның ірі компаниялары акцияларының әсері индекстің өсу әлеуетін арттырады.
Әлемнің әр аймағындағы экономикалық ерекшеліктердің әсерінен индекс салалық әртараптандыруды да қамтамасыз етеді.
Index |
01.01.2024 - 08.11.2024 |
2021 |
2022 |
2023 |
All-time |
ITS World |
18,67% |
17,40% |
-23,45% |
28,29% |
100,32% |
Hang Seng |
21,67% |
-14,56% |
-15,50% |
-13,92% |
-14,17% |
Nasdaq 100 |
20,46% |
26,63% |
-32,97% |
53,81% |
122,69% |
S&P 500 |
21,43% |
26,89% |
-19,44% |
24,23% |
101,03% |
Географиялық әртараптандыру
ITS World индексі Америка, Еуропа, Азия, соның ішінде Қазақстанның капитализациясы ең жоғары 50 компаниясын қамтиды.
Аймақтар арасындағы теңсіздікті жою үшін әртүрлі аймақтарға индексте экономика көлемі мен қор нарығы капитализациясының жиынтық көрсеткіштеріне негізделген квоталар белгіленген.
Әрбір эмитенттің салмағы 10%-дан аспауы тиіс.
Жалпы, ETF құны индекстің қозғалысына сәйкес өсуі де, төмендеуі де мүмкін. ETF акциялары әдетте ұйымдастырылған биржалық нарықта брокер арқылы сатып алынады және сатылады. Бірақ оларды жекелей Басқарушы компанияға сатуға немесе сәйкес акцияға айырбастауға ұсыну мүмкін емес. Осы мәселеге қатысты Fund Constitution және Offering Materials құжаттарымен танысып шығыңыз.
ITSW ETF қорындағы акциялардың құны тиісті эмитенттердің қызметіне байланысты және жалпы нарықтық немесе экономикалық жағдайлардың өзгеруі салдарынан құбылып, айтарлықтай төмендеуі мүмкін.
Пассивті басқарылатын қор ретінде ITSW ETF активтерді ITS World Index индексіне сәйкес инвестициялайды және ондағы құнды қағаздардың құрамын, тәуекел факторларын және басқа да сипаттамаларын мүмкіндігінше дәл қайталауға тырысады. Алайда, кез келген пассивті басқарылатын индекстік қор уақытша себептерге, портфельдегі бағалы қағаздардың мәндерін дөңгелектеу және басқа да факторларға байланысты математикалық модельдегі индекстен сәл өзгеше болады. Бұл айырмашылықтар қор басқарушылары азайтуға тырысатын, бірақ толығымен жоққа шығаруға болмайтын бақылау қатесі деп аталады.
ITSW ETF-тегі акциялар әлемдік нарықта жоғары өтімді бағалы қағаздар болып табылғанымен, нарықтық жағдайлар күрт нашарлаған кезде олар индекс бойынша есептелген модельдік құндылықтармен салыстырғанда елеулі спрэдтермен және дисконнттармен сатылуы мүмкін.
Бұл бақылау қателігіне, акцияға шаққандағы таза активтердің құнына (NAV) және ETF акцияларының нарықтық құнына әсер етуі мүмкін.
ETF акциялары басқа акциялар сияқты саудаланады және олардың маңызды сипаттамаларына, соның ішінде инвестициялық тәуекелге және нарықтық құнының ауытқуына ие. Сондықтан олар бір акцияға шаққандағы таза активтер құнынан (NAV) жоғары немесе төмен бағамен саудалануы мүмкін. TER мәніне брокерлік комиссиялар кірмейді, және бұл да қаржылық нәтижелерді төмендетуі мүмкін.
Инвестициялық шешім қабылдамас бұрын, ITSW ETF қорының инвестициялық мақсаттарымен, бағалы қағаздар құрамымен, тәуекелдермен, Басқарушы компания мен брокердің (биржа немесе MTF) комиссия деңгейімен танысып шығыңыз. Басқарушы компанияның сайтында жарияланған offering materials-пен және қордың басқа да құжаттарын мұқият оқып шығыңыз.
ITSW ETF-ке салынған инвестициялар жалпы экономикалық жағдайлардың, нарықтық ауытқулардың және бағалы қағаздар нарықтарындағы инвестицияларға объективті түрде ілесетін тәуекелдердің ықпалына ұшырауы мүмкін. Инвестициялық құралдардың бағасы көптеген факторлардың, соның ішінде экономикалық өсім немесе рецессия, пайыздық мөлшерлемелер мен валюталық бағамдардың өзгеруі, эмитенттердің кредиттік сапасының объективті немесе нарық қатысушыларының қабылдауындағы өзгерістер, жалпы нарықтық өтімділік, геосаяси оқиғалар және басқа да себептердің әсерінен айтарлықтай өзгеруі мүмкін.
Сонымен қатар, жергілікті, өңірлік және жаһандық оқиғалар, мысалы, соғыстар, терактілер, пандемиялар және т.б., ITSW ETF қоры мен онымен байланысты инвестицияларға айтарлықтай әсер етуі мүмкін.